Ақпарат комитетіне жаңа төраға тағайындалды
Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетіне жаңа төраға болып Әлішер Мұқажан тағайындалды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Әлішер Мұқажан 2017–2018 жылдары Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметінде сарапшы болып жұмыс істеген. 2

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетіне жаңа төраға болып Әлішер Мұқажан тағайындалды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Әлішер Мұқажан 2017–2018 жылдары Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметінде сарапшы болып жұмыс істеген.
2019–2023 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің БАҚ-пен байланыс департаментінде сарапшы, кейін Мемлекеттік ақпараттық саясат департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.
2023 жылдың желтоқсанынан бері Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болған.
Ұқсас материалдар

Ақпарат комитеті
Халықаралық қауымдастық Қазақстанның бастамаларын “сенімге негізделген дипломатия” ретінде оң бағалайды - саясаттанушы
Мейіржан Әуелханұлы·

Ақпарат комитеті
«Заң мен тәртіп» жемқорлыққа төзбей, халықты әділеттілікке біріктіретін ауқымды жоба – сарапшы
Мейіржан Әуелханұлы·

Ақпарат комитеті
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарау – әр азаматтың міндеті
Айғаным Нариманова·

Ақпарат комитеті
Өңдеуші өнеркәсіптен адами капиталға дейін: Қазақстан экономикасының жаңа даму бағыты
Айғаным Нариманова·