Маңғыстау облысының экология департаменті Қаракөл көліне ағынды су төгу фактісі бойынша Rixos Water World Aktau-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізеді.
Департамент мамандарының талдауы нәтижесінде ластаушы заттардың көлемі рұқсат етілген концентрациядан артық екені анықталды.
Сонымен қатар, Қаракөлде аққулардың жаппай қырылуы бойынша төгінді әсерінің қатысы бар-жоғын толық зерттеу үшін Алматы қаласынан орнитолог-мамандар шақырылды.
«Тексеру қорытындысы бойынша тиісті инспекторлық ден қою шаралары қабылданады және әкімшілік іс қозғалады» деп хабарлады Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы Rixos WaterWorld Aktau осыған ұқсас заңбұзушылық үшін жауапқа тартылып, 76 млн теңге көлемінде айыппұл төлеген болатын.
Еске сала кетейік, Маңғыстауда 1 мынңан астам аққу қырылып, құстардың өлексесі жойылды.