Фото: BBC
АҚШ-тың астанасы Вашингтонда болған әуе апатынан борттардағы 67 адам түгелдей қаза тапты, деп хабарлайды ВВС-ге сілтеме жасаған Todayinfo.
American Airlines авиакомпаниясының Bombardier CRJ700 ұшағы мен Black Hawk (Sikorsky H-60) әскери тікұшағы соқтығысып, екеуі де Потомак өзеніне құлап түскен. Ұшақта 60 жолаушы, 4 экипаж мүшесі, ал тікұшақта 3 әскери қызметкер бюолған. Олардың бәрі қаза тапты.
Жолаушылардың арасында АҚШ-та өткен конькимен мәнерлеп сырғанау жарысынан қайтып келе жатқан спортшылар мен жаттықтырушылар болған, соның ішінде бұрынғы ресейлік спортшылар Евгения Шишкова мен Вадим Наумов та көз жұмды. Олар АҚШ-та жас конькишілерді жаттықтырып жүрген.
АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде өткен брифингте апаттан ешкімнің аман қалмағанын ресми мәлімдеді.
«Халқымыз үшін аза тұту сәті. Құдай олардың рухын шат қылсын», — деді ол.
Трамп бір минут үнсіздік жариялады. Ол қаза тапқан ресейлік спортшылардың денесін еліне жеткізуге көмек көрсететінін айтты.
АҚШ-тың Федералды авиация басқармасының мәліметінше, Уичитодан ұшып шыққан (Канзас штаты) реактивті әскери тікұшақ жолаушылар ұшағына соғылған. Апат болған айлақ Ақ үй мен Капитолийге жақын, әлемдегі ең жоғары технология, аса сақтықпен бақыланатын әуе кеңістігі саналады.