Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Махамбет ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

24 Қазан, 2025

Алматы облысы әкімінің тапсырмасы бойынша Шерзат Полаттың отбасына жаңа үй салынды

24 Қазан, 2025

Түрмедегі тағдырлар: қылмыскерлер Республика күнінің құрметіне жарыс өткізді

24 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Махамбет ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді
  • Алматы облысы әкімінің тапсырмасы бойынша Шерзат Полаттың отбасына жаңа үй салынды
  • Түрмедегі тағдырлар: қылмыскерлер Республика күнінің құрметіне жарыс өткізді
  • Алматы тарихында алғаш рет бір оқу жылында 24 жаңа мектеп ашылады
  • 70 мың халқы бар аудан 800 мың турист қабылдауға дайын: Бурчун қыстағы «»ақ қар мен алтын туризмнің» мекеніне айналды
  • Қандастарға қамқорлық: тарихи Отанына оралғандарға қандай қолдау көрсетіледі
  • Әлем алпауыттарынының ішінен Ұлттық мүддені қорғаудың ең тиімді жолы көпвектролы жолды жалғастыру – Думан Жекенов 
  • «Әбден лайықты»: Тамара Асарға қатысты сүйінші хабар шықты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 24 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

АҚШ-тың «Томагавк» зымырандарын Украинаға жеткізуден бас тартуы: саясаттың астарында не бар?

24 Қазан, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Youtube

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультетінің қауымдастырылған профессоры, «Аймақтық қатынастарды талдау» орталығының ғылыми қызметкері Думан Жекенов аталған геосаяси жағдайға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Сарапшының айтуынша, АҚШ-тың Украинаға «Томагавк» зымырандарын бермеу шешімі — елдің әскери емес, саяси есебі бар қадам.

«Америка Құрама Штаттары қолындағы “күшті карталарды” жағдайға қарай тиімді пайдалануда. Қажет болса, белгілі бір сәтте сол картаны “жүріп”, қажет жағдайда ұстап қалуы мүмкін. Томагавктарды беру соғысты жаңа деңгейге шығарып, қақтығыстың одан әрі ушығуына әкелуі ықтимал», — дейді Жекенов.

Оның сөзінше, Ресей бұл қадамды АҚШ-тың соғысқа тікелей араласуы ретінде қабылдауы мүмкін.

«Ресей жағы мұндай әрекетті ашық соғысқа тең деп бағалайды. Сондықтан АҚШ бұл бағытта аса сақ қимылдап отыр. Президенттің басты мақсаты — қақтығысты тоқтату емес, оны өз саяси имиджі үшін тиімді пайдалану», — дейді сарапшы.

Думан Жекенов Дональд Трамптың сыртқы саясаттағы ұстанымына да тоқталды. Оның айтуынша, Трамптың шынайы мақсаты — бейбітшілік орнату емес, өзін «қақтығыстарды тоқтата алатын лидер» ретінде көрсету.

«Трамптың басты назары — жеке саяси беделінде. Украинадағы жағдай, басып алынған аумақтардың тағдыры немесе қираған қалалардың қалпына келуі оған екінші орында. Бұған дейін де ол Зеленскиймен кездесуінде және Ресеймен байланыстарында ультиматумдық риторика қолданған болатын», — деп атап өтті профессор.

Сарапшының пікірінше, Батыс елдері де соғыстың тез аяқталуын қаламайды.

«Батыс Еуропа елдері қақтығыстың баяу, бірақ ұзаққа созылғанын жөн көреді. Себебі соғыс неғұрлым созылса, Ресей соғұрлым әлсірейді. Сондықтан көмек көлемі де шектеулі — олар соғысты тоқтататындай емес, жалғаса беретіндей деңгейде қолдау көрсетіп отыр», — деді Думан Жекенов.

Маманның пікірінше, сырт көзге АҚШ президенті бейбітшілікке ұмтылып жатқандай көрінгенімен, іс жүзінде Батыс елдері бұл соғыстың ұзақ мерзімді перспективада өздеріне тиімді болуын көздеп отыр.

Оқылып жатыр

Әлем алпауыттарынының ішінен Ұлттық мүддені қорғаудың ең тиімді жолы көпвектролы жолды жалғастыру – Думан Жекенов 

«Заң үстемдігі биік болсын»: Жемқорларға қарсы күресумен аты шыққан заңгер марапатталды

«Тынышталыңдар!»: Маңғыстауда ҚТЖ басшылығы жұмысшылар жиналысына «криминал» өкілдерін әкелген (видео)

«Дәлізде жатырмыз»: Алматы облысы Қарасай ауруханасында жүрек ауруымен түскен науқастарға орын жетіспейді

Семейдегі ерлік: Екі жігіт қарт ерлі-зайыптыны жанып жатқан үйден құтқарды

«Халықтың дұғасының арқасында…»: Шерзат Полаттың отбасы жаңа баспанаға көшті

Соңғы жазбалар

Махамбет ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

24 Қазан, 2025

Алматы облысы әкімінің тапсырмасы бойынша Шерзат Полаттың отбасына жаңа үй салынды

24 Қазан, 2025

Түрмедегі тағдырлар: қылмыскерлер Республика күнінің құрметіне жарыс өткізді

24 Қазан, 2025

Алматы тарихында алғаш рет бір оқу жылында 24 жаңа мектеп ашылады

24 Қазан, 2025

70 мың халқы бар аудан 800 мың турист қабылдауға дайын: Бурчун қыстағы «»ақ қар мен алтын туризмнің» мекеніне айналды

24 Қазан, 2025

Қандастарға қамқорлық: тарихи Отанына оралғандарға қандай қолдау көрсетіледі

24 Қазан, 2025

Әлем алпауыттарынының ішінен Ұлттық мүддені қорғаудың ең тиімді жолы көпвектролы жолды жалғастыру – Думан Жекенов 

24 Қазан, 2025

«Әбден лайықты»: Тамара Асарға қатысты сүйінші хабар шықты

24 Қазан, 2025

Алматы облысының жолдарынан алынған жол құрылыс материалдарының 31%-ынан ақау анықталды

24 Қазан, 2025

«Заң үстемдігі биік болсын»: Жемқорларға қарсы күресумен аты шыққан заңгер марапатталды

24 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.