Фото: vecher.kz
Астанадан Қарағандыға барған төрт адам такси құнын төлемес үшін діттеген жеріне жеткен соң жүргізушісін соққыға жығып кеткен, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Жедел басқару орталығына қаладағы тұрғын аудандардың бірінде ер адамға шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына бірінші болып патрульдік полиция экипаждары жетті.
39 жастағы жәбірленуші – елорда тұрғынының айтуынша, төрт ер адамды Қарағандыға жеткізген. Жол бойы жолаушылар өздерін сабырлы ұстаған. Алайда діттеген жеріне жеткен олар ақша төлеудің орнына жүргізушіге шабуыл жасап ұрып-соғып жақын маңда жасырынуға тырысқан.
Аталған оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.