Жетісу облысында ауыл әкімінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. Желідегі жазбаға қарағанда, Жетісу облысына қарасты Ақсу ауылының әкімі түнде терезеден түсіп отбасылы келіншекті зорламақшы болған көрінеді. Ақсу ауылы аудан орталығынан 40 км қашықтықта орналасқан.
БАҚ-тың хабарлауынша, полиция үйге заңсыз кіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Полицияға арыз-шағымды жәбірленуші түсірген.
«Бірнеше күннен бері Жетісу облысы Ақсу ауданы Ақсу ауылының әкімі күйеуі, бала-шағасы бар келіншекті түннің ортасында терезеден кіріп зорламақ болды деген ақпарат тарап жатыр. Бұл әкім осындай іске екінші рет барғаны айтылады. Неге іс қозғалмайды?.. Оның «крышасы» мықты. Енді істің бәрі бұрмаланып, әкім сытылып кетсе, таңғалмаймын», — дейді желіге видео жариялаған Мұрат Орманов.