Фото: ТЖМ
Ақтау маңында құлаған жолаушылар ұшағына қатысты тергеу жұмыстары 2024 жылдың желтоқсанына дейін аяқталады. Бұл туралы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлімдеді,деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
«Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) талаптарына сәйкес, тергеу бір жылға созылады. Сондықтан биыл желтоқсанда қорытынды есеп дайын болады. Қылмыстық істі тергеу прокуратура органдарының құзырында», – деді Ластаев.
Вице-министрдің айтуынша, жақында Әбу-Дабиде өткен ИКАО іс-шарасында Қазақстан ұсынған алдын ала есеп жоғары бағаланған.
«Онда әрбір деталь ескеріліп, жан-жақты зерттелген», – деп атап өтті ол.
Еске салсақ, 2023 жылдың 25 желтоқсанында Әзербайжан әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырады. Бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Олардың арасында алты қазақстандық азамат бар еді, өкінішке қарай, барлығы қаза тапты.