Ақтау қаласында екі қабатты тұрғын үй отқа оранып, бір адамның өміріне қауіп төнді. Өрт Шығыс-2 шағынауданында орын алған. Апат орнында жедел әрекет еткен төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) құтқарушылары ер адамды өрт ортасынан аман алып шықты,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт шыққан пәтерден 1959 жылы туған ер адам құтқарылып, жедел медициналық жәрдем қызметіне тапсырылды. Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында өрттің таралуына жол берілмей, шағын аумақта сөндірілді.
Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Мамандар оқиға орнына барып, тиісті сараптамалар жүргізуде. ҚР ТЖМ мәліметінше, өртті уақытында ауыздықтау адам шығыны мен үлкен материалдық залалдың алдын алды.