Фотода Эльдар Жұмағат, Гаухар Шаймерденова, Салима Джутаева, Сәндібек Төлесінов
Ақтаудағы ұшақ апатынан мерт болған қазақстандықтар туралы ақпарат белгілі болды. Мезгілсіз қаза болғандардың арасында анасы мен ұлы да бар. Құтқару қызметі ұшақ апаты кезінде қаза болған Қазақстан азаматтары туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Todayinfo.
Ұшақ бортында болған алты отандасымыздың барлығы опат болды. Қаза тапқан Қазақстан азаматтарының үшеуі әйел болса, екеуі жігіт, біреуі 11 жастағы бала.
Төлесінов Сәндібек Екібайұлы, 16.11.1988 жылы туған, туған жері: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы;
Жұмағұлов Бауыржан Жұмабайұлы, 30.09.1985 жылы туған, туған жері: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы;
Махсудова Галина Растамбековна, 12.01.1978 жылы туған, туған жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы;
Шаймерденова Гаухар Жұмағатқызы, 17.07.1975 жылы туған, туған жері: Алматы қаласы, Астана қаласының тұрғыны;
Жұмағат Эльдар 23.08.2013 жылы туған, Астана қаласының тұрғыны;
Джутаева Салима Аманжолқызы, 21.02.1995 жылы туған, туған жері: Қостанай облысының тумасы, тұрған жері Қарағанды қаласы.
Еске сала кетейік, кеше Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 жолаушылар ұшағы Ақтау әуежайы маңында апатқа ұшырады. Бакуден Шешенстанның астанасы Грозныйға бет алған ұшақ Ақтау әуежайына жете алмай жерге соғылды. Ұшақ бортында 67 адам болған, оның 5-еуі – экипаж мүшесі, 38 адам қаза тапты және 29 адам аман қалды.
Жолаушылар арасында Әзербайжаннан 37 адам болған. Оның 23-і қайтыс болды, 14-і аман қалды. Қырғызстандық 3 жолаушының барлығы аман қалды. Ресейлік 16 жолаушы, оның 9-ы аман қалды. Қазақстанның 6 азаматы қаза тапты. 5 адамнан тұратын экипаж мүшелерінің екеуі көз жұмып, үшеуі тірі қалған.