Ол танысы арқылы арзан пәтерлер сатылып жатқаны туралы жалған хабарлама таратып, азаматтардың сеніміне кірген. Күмән тудырмау үшін заңдық күші жоқ құжаттарды көрсеткен. Екі адамның шығыны төленді.
Басқа жәбірленушілерге келген залалдың орнын толтыру үшін оған тиесілі автокөлік пен Алматы қаласындағы жер учаскесі және банктік есеп шоттары тәркіленді. Сот айыпталушының кәмелетке толмаған 4 баласы барын ескеріп, алты жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.