КС 866 рейске қатысты түсініктемесінде компания 16 тамызда Airbus A321 ұшағын сүйрету кезінде шассидің тұмсық тірегіндегі бекітпе зақымданғанын хабарлайды. Ақтөбе-Алматы бағыты бойынша КС866 рейсі алдымен 17 тамызға дейін кешіктіріліп, кейін баламасыз тоқтатылған. Жолаушыларға билет құнын айыппұлсыз қайтару ұсынылды.
Жөндеу жұмыстарын орындау үшін ұшақты жолаушыларсыз Астанаға жеткізу туралы шешім қабылданды, алайда елордалық әуежайдың түнгі уақытта жабылуына байланысты әуекомпания айдау рейсін 19 тамызға қалдыруға мәжбүр.
– Ақтөбеде ұшақтың зақымдануы басқа ондаған рейстердің кешігуіне әкелгенін атап өту қажет, – делінген хабарламада.
Бұған дейін Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшақтардың жиі кешігуіне байланысты Air Astana мен FlyArystan компанияларына жоспардан тыс тексеру жүргізілетінін хабарлаған еді.