Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді

19 Қыркүйек, 2025

«Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды

19 Қыркүйек, 2025

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

19 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді
  • «Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды
  • Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды
  • «Подстава»: Атышулы блогер Жанабыловтардың ісінде кімнің кінәлі екені анықталды
  • «Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды
  • Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті табылды
  • «Бақыт тыныштықты қалайды»: Димаш Құдайбергеннің белгісіз бойжеткенді құшақтап тұрған суреті пайда болды
  • Қызылордада әлеуметтік төлемдер бойынша алаяқтық жасаған екі адамға үкім шықты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 20 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Ақтөбеде университет ректорының әйелі талапкерлерден ақша жинап алған

Ақтөбеде университет ректорының әйелі талапкерлерден ақша жинап алған

1 Қыркүйек, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ақтөбеде Халықаралық көлік-гуманитарлық университетінің өкілдігі бар. Бұл оқу орнының жетекші маманы алаяқтықпен ұсталды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі  «Диапазон» порталына сілтеме жасап.

Мәліметтерге сенсек, Гүлмира Т. талапкерлерден оқуға ақша алып, өз қалауы бойынша жұмсаған. 47 жастағы айыпталушының қылмыстық ісінде 25 эпизод бар. Сот оның өзін оқу орнында әдіскер ретінде таныстырып, қабылдау жарнасын жеке банк шотына аударуға немесе қолма-қол беруге болатынын айтқанын түсіндірді.

Осылайша, жәбірленушілердің бірі оған 1,5 миллион теңгеге жуық ақша төлеген. Бірақ кейін өзінің университет студенті ретінде тізімде жоқ екенін білген. Дәл осындай схемамен алданып қалған басқалары оған 100 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін ақша аударған. Кейбіреулер бірден бірнеше жыл білім алу үшін ақша төлейміз деп ойлаған. Содан кейін олар ақшаның университетке жетпегенін білген.

Алаяқтық жасады деп айыпталушы өз кінәсін мойындамады. Ол университеттің Ақтөбе филиалын күйеуі басқаратынын, оның барлық аударымдардан хабардар болғанын айтып отыр. Сондай-ақ зардап шеккендерден түскен ақшаны күйеуі мен оның ата-анасы жұмсағанын, өзінің мұны істемегенін алға тартты. Тіпті, соттан кішкентай балалары бар екенін ескеріп, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұраған.

Сотта айыпталушының күйеуінен де жауап алынды. Ол әйелінің студенттерден ақша алғаны туралы ештеңе білмейтінін және оның қарызы туралы университеттің бас кеңсесінен қоңырау шалғаннан кейін білгенін жеткізді.

Сөйтіп, сот Гүлмира Т.-ны алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оған ақшаны жәбірленушілерге қайтаруды міндеттеді және 3 жылға бас бостандығынан айырды.

«Іс облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасында қаралып, сотталушыға 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы пробациялық бақылаумен бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды. Сот ұйғарымында іс апелляциялық тәртіпте қаралған кезде сотталушының өкініп, барлық жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеуіне байланысты жазаның жеңілдетілгені атап өтілді. Сот қаулысы заңды күшіне енді», – делінген хабарламада.

 

 

алған Ақтөбеде ақша басшысының жинап талапкерлерден университет әйелі

Оқылып жатыр

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

«Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды

Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті табылды

«Отбасылық оқиғаларды жария ету орынсыз»: Белгілі қоғам қайраткері Ардақ Назаровтың халықтан кешірім сұрауын талап етті

«Еш ұялмастан келіп бүлдірді»: Амантай қажының басы тағы дауға ілікті

Түркістан қаласының әкімі шетелдік инвесторларды қабылдады

Соңғы жазбалар

«Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді

19 Қыркүйек, 2025

«Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды

19 Қыркүйек, 2025

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

19 Қыркүйек, 2025

«Подстава»: Атышулы блогер Жанабыловтардың ісінде кімнің кінәлі екені анықталды

19 Қыркүйек, 2025

«Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды

19 Қыркүйек, 2025

Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті табылды

19 Қыркүйек, 2025

«Бақыт тыныштықты қалайды»: Димаш Құдайбергеннің белгісіз бойжеткенді құшақтап тұрған суреті пайда болды

19 Қыркүйек, 2025

Қызылордада әлеуметтік төлемдер бойынша алаяқтық жасаған екі адамға үкім шықты

19 Қыркүйек, 2025

«Орыстілді ел деп ойлағаны қынжылтты»: Әлем чемпионатында қазақстандық боксшыларға сұрақтарды орысша дайындаған

19 Қыркүйек, 2025

«Отбасылық оқиғаларды жария ету орынсыз»: Белгілі қоғам қайраткері Ардақ Назаровтың халықтан кешірім сұрауын талап етті

19 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.