Фото: егемен Қазақстан
Бүгінде Ақтөбе облысында әлеуметтік қорғау жүйесінде 2 мыңнан астам маман қызмет етіп, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырып келеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша облыста 41 515 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған.
Соның ішінде:
- 
ұлттық жобалар аясында 3 099 жаңа жұмыс орны ашылды; 
- 
Президенттің «10 мың адамға – 100 жұмыс орны» бастамасы бойынша 12 715 адам тұрақты жұмыспен қамтылды; 
- 
бос жұмыс орындары арқылы 13 227 адам қызметке орналасты; 
- 
«Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 295 маман ауылдық жерлерге жолданды. 
Жұмысқа орналасудан бөлек, көптеген азаматтар кәсіби дағдыларын арттырып, түрлі бағдарламаларға қатысты:
- 
«Әлеуметтік жұмыс орындары» жобасы – 994 адам; 
- 
«Жастар практикасы» – 1 961 адам; 
- 
«Күміс жас» – 1 225 адам; 
- 
«Ұрпақтар келісімшарты» – 77 адам; 
- 
«Алғашқы жұмыс орны» – 120 адам. 
Қоғамдық жұмыстарға 4 504 адам тартылды.
Ал жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыруға 567 азамат мемлекеттік қайтарымсыз грант алды.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарынан 540 адам өтті.
Жыл басынан бері 111 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, нәтижесінде 1 280 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Әлеуметтік қолдау шаралары да белсенді жүргізілуде:
- 
2 655 аз қамтылған отбасы жалпы сомасы 1,1 млрд теңге атаулы әлеуметтік көмек алды. 
- 
Мүгедектігі бар азаматтарға арналған 203 қызмет көрсету аймағы жұмыс істейді. 
- 
1 131 мүгедек азамат белсенді жұмыспен қамту бағдарламаларына тартылды. 
Облыс бойынша 121 “Инватакси” көлігі қызмет көрсетеді, ал 907 әлеуметтік нысан мүгедектігі бар адамдардың кедергісіз кіруіне бейімделген.
Үй жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер 308 ерекше балаға және 1 776 жалғызбасты қарт пен мүгедекке көрсетіледі.
Қазір өңірде 6 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, 22 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы және 13 отбасын қолдау орталығы тұрақты жұмыс істеп тұр.
Осы орталықтар арқылы 12 764 адам әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек алған.
Салада цифрландыру қарқынды жүріп жатыр. FSM «Social» мобильді қосымшасы арқылы өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды ерте анықтау жүйесі енгізілген.
Биыл 73 этникалық қазаққа қандас мәртебесі берілді.
Әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастарын дамыту бойынша 115 үшжақты комиссия отырысы өткізілді.
Алдағы жоспарлар да айқын:
- 
2025 жылдың соңына дейін Темір ауданында тірек-қимыл және менталды бұзушылықтары бар балаларға арналған 130 орындық «Ainala» оңалту орталығы ашылады; 
- 
Ал 2026 жылы Есет батыр шағын ауданында 150 орындық заманауи реабилитациялық орталықтыңқұрылысы аяқталады. 
Ақтөбе облысы әлеуметтік тұрақтылық пен жұмыспен қамтудың нақты үлгісін көрсетіп отыр — басты мақсат – әрбір азаматтың өмір сапасын жақсарту.


