Фото: Ақтөбе обл. прокуратурасының баспасөз қызметі
Ақтөбе облысы прокуроры қызметінен босатылды.
«Қазақстан Республикасы президентінің келісімі негізінде Бас прокурордың 2024 жылғы 18 қарашадағы бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Халидолла Зиноллаұлы Дәуешов Ақтөбе облысының прокуроры лауазымынан қызметті өткерудің шекті жасына жетуіне байланысты босатылды», – делінген прокуратура хабарламасында.
Халидолла Дәуешов заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін І және ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.