Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

«Ата-аналар коттедж жалдап берген»: Мектеп түлегін сыныптасы кәуаптың шампурын тығып өлтіргені белгілі болды

24 Мамыр, 2025

Путиннен Ресейдегі қазақ жерлерін қайтаруды талап еткен Жансұлу Дархамбаеваны билік соттап жіберді

24 Мамыр, 2025

Дархан Сатыбалдыға Алматы қалалық мәслихатының 23 депутаты дауыс берген

24 Мамыр, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Ата-аналар коттедж жалдап берген»: Мектеп түлегін сыныптасы кәуаптың шампурын тығып өлтіргені белгілі болды
  • Путиннен Ресейдегі қазақ жерлерін қайтаруды талап еткен Жансұлу Дархамбаеваны билік соттап жіберді
  • Дархан Сатыбалдыға Алматы қалалық мәслихатының 23 депутаты дауыс берген
  • Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты
  • Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған
  • 12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды
  • Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті
  • Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 25 Мамыр
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Ақтөбе облысында әлі күнге дейін «қызыл паспортпен» жүргендер көп

Ақтөбе облысында әлі күнге дейін «қызыл паспортпен» жүргендер көп

20 февраля, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ақтөбе облысында қанша адамның әлі күнге дейін Кеңес Одағының құжатын ұстап жүргені белгісіз. Мамандар басына қиын іс түскенде, дәрігерге қараларда және зейнетке шығар кезде адамдардың көмек сұрайтынын айтып берді.

Ақтөбе облысындағы ауыр тұрмыстық жағдайдағы тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталықтың мамандары қызмет алушылардың құжатын рәсімдеуге көмектесетін мекеменің бірі.

Мұнда түскен адамнан алдымен төлқұжаты сұралады. Соңғы кездері еш құжатсыз қалған адамдар келіп, жылдар бойы беймәлім күй кешіп жүр.

 «Орталықта құжаттарды рәсімдеуге көмектесту қызметі де бар. Қазіргі кезде төрт азаматтың құжатын қалпына келтіру, қайта жасау қиынға соғып тұр. Бірі — Ресейдің Амур облысының тумасы. Оның осылай жүргеніне 5 жылдан астам уақыт өтті. Іс алға жылжымай қойды. Оған азаматтықты да, азаматтығы жоқ адамдар куәлігін де бере алмаймыз. Егер осы құжат болса, қарияны қарттар үйіне жіберер едік. Бұл мекеменің өзі бір жыл ғана тұруға арналған. Жалпы осындай қиындықты шеше алмай жүрген 4 адам бар», — деді Ақтөбе облысындағы ауыр тұрмыстық жағдайдағы тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталықтың заңгері Томирис Қараманқызы.

Мұнда қазір 50-дан астам қызмет алушы бар. Көбі құжатын жоғалтып алып, мекемеге келген кезде қайта рәсімдеп алған.

Бұл проблема өңірдегі үкіметтік емес ұйым мүшелеріне де жақсы таныс. Олар Ресеймен шекаралас ауылдарда әлі күнге дейін «қызыл паспортпен» жүрген адамдардың көп екенін айтады.

 «Ақтөбенің Қарғалы мен Мәртөк аудандарында мұндай жағдай жиі кездеседі. Себебі бұл аудандар Ресеймен шектеседі. Қажет болса біздің заңгер Орал қаласында орналасқан елшілікке апарып, әкеледі. Кейде полиция қызметкерлері, Ақтөбе облысындағы ауыр тұрмыстық жағдайдағы тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталықтың мамандары да кейде бізге бағыттап отырады », — деді «Дәріс-2016» ұйымының атқарушы директоры Гүлнұр Едігеева.

Ақтөбе облыстық ПД Көші-қон басқармасы да адамдардың құжат рәсімдеу жұмысын жүргізеді. Мұнда биыл құқықтық статусы жоқ 5 адамға азаматтық беріліп, біреуі азаматтығы жоқ тұлға ретінде тіркелді. 2023 жылы барлығы 83 адамның құқықтық статусы анықталды. Оның 60-ы Қазақстан азаматы деп танылды.

 «1992 жылға дейін Қазақстанда тұрған, сонымен бірге Қазақстанда туған адамдар Қазақстан азаматы деп танылады. Қазіргі кезде Ақтөбе облысындағы ауыр тұрмыстық жағдайдағы тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталықта кейбір адамдардың құжатын рәсімдеу қиынға соғады. Мәселен Молдова елінің азаматы туралы құжатты сол елден күтеміз. Біздің елде Молдованың елшілігі жоқ. Сұраныс жіберіліп, ол елде мұндай азамат болмаса, азаматтығы жоқ тұлға деп танылады. Қалай болғанда да бар немесе жоқ деген жауап келуі тиіс »,- деді Ақтөбе облыстық ПД Көші-қон басқармасының бастығы Эльмира Балтаева.

Оның айтуынша, адамдар өз уақытында құжатын рәсімдемей, зейнетке шығар кезде ойланады. Сонымен бірге «төлқұжат жасатып беремін» деген адамға қолында бар құжатын беріп, уақыт өткізіп алады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ауылдарында Ақтөбенің бар дейін жүргендер күнге паспортпен шекаралас Қызыл Әли

Оқылып жатыр

Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды

Соңғы үш жылда Алматы қаласы әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты оң серпінін көрсетіп келеді

Соңғы үш жылда Алматыда жан басына шаққандағы ЖӨӨ 56,6%-ға өсті

Соңғы жазбалар

«Ата-аналар коттедж жалдап берген»: Мектеп түлегін сыныптасы кәуаптың шампурын тығып өлтіргені белгілі болды

24 Мамыр, 2025

Путиннен Ресейдегі қазақ жерлерін қайтаруды талап еткен Жансұлу Дархамбаеваны билік соттап жіберді

24 Мамыр, 2025

Дархан Сатыбалдыға Алматы қалалық мәслихатының 23 депутаты дауыс берген

24 Мамыр, 2025

Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

24 Мамыр, 2025

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

24 Мамыр, 2025

Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды

24 Мамыр, 2025

Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды

24 Мамыр, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.