Фото: скриншот
Құтқарушылар Ақтөбе облысындағы Ырғыз ауданының «Ырғыз-Нұра» жолында батпаққа батып қалған жедел жәрдемді сүйреп шығарған, деп хабарлайды Todayinfo.
Төтенше жағдайлар министрлігі өзінің «112» парақшасына осы операцияның видеосын жүктеген. Видеода екі аудан арасындағы жолдың ауыр жағдайын және осы жолмен қатынайтын халықтың қиындығын көруге болады. Видеодан тұрғындарға көмекке келетін жедел жәрдем көлігінің де тым ескі екені байқалады.
«ТЖМ құтқарушылары көлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды. Жолаушы сапарын әрі қарай жалғастырды. Медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ», — деп жазды видео астына ТЖМ.