Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

14 Қыркүйек, 2025

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

14 Қыркүйек, 2025

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды
  • «Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді
  • Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды
  • Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні
  • Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты
  • Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды
  • Ұлттық мұраға сапар: Зейнолла Сәнік ізімен
  • Бокстан әлем чемпионатының финалында 8 қазақстандық алтынға таласады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 14 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Ақтөбе соты бүйрегін сатпақ болған адамның бостандығын бір жылға шектеді

Ақтөбе соты бүйрегін сатпақ болған адамның бостандығын бір жылға шектеді

21 января, 2025 Қоғам
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: akt.sud.kz

21 қаңтарда Ақтөбе соты бүйрегін 9 млн теңгеге (17 мың АҚШ доллары) сатпақ болған Атырау тұрғыны Ерболат Орынбасаровтың бостандығын бір жылға шектеді. Сот үкімі күшіне енсе, Орынбасаров бір жыл пробация бақылауында болады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.

Орынбасаров бостандығы шектелгеніне разы емес, сол себепті апелляция алқасына шағымданғысы келеді. Бірақ әлі нақты шешім қабылдамағаны туралы оның адвокаты Назгүл Дүйсенбекова айтты.

Тергеу материалдарына қарағанда, 27 жастағы азамат шешесін емдету үшін көп мөлшерде қарыз алған. Содан құтылу мақсатында 2024 жылы мамырда Telegram желісіне хабарландыру берген. Бес айдан соң ол Ақтөбеге барып, «бүйрек саудалаушыдан» 5 млн теңге алып жатқан жерінен ұсталған.

Тергеу Орынбасаровқа «тірі адамның ағзасына қатысты заңсыз мәміле жасасу» бабы бойынша айып тақты. Сотталушы өзіне тағылған айыпты толық мойындады. Сот алдында өз әрекетіне қатты өкінетінін айтты.

Ерболат Орынбасаровтың сөзінше, «бүйрек сатып аламын» деген әйел оның жол шығынын өтеп, Ақтөбеден пәтер жалдап берген.

– «Ағама бүйрек керек еді», деп хабарласты. Ақтөбеге шақырды. Тоғыз миллион теңгенің жартысын бірден, жартысын отадан кейін төлеуге келіскен. Бірақ сол күні бірден 5 миллион теңге әкеп берді,-деді Орынбасаров сотта.

Прокурор Әділет Кенжалының айтуынша, бүйрегін саудалаған азаматты «полицияға көмектеспек болған ақтөбелік әйел» ұстап берген.

Кәмелетке толмаған екі баланың әкесі Орынбасаров 2024 жылы 25 қыркүйекте Ақтөбе қаласында ұсталған. Сот үкімі шыққанға дейін ол ешқайда шықпау туралы қолхатпен бостандықта жүрген.

Адам ағзаларын сатумен күрес бойынша Еуропа кеңесі Конвенциясына сәйкес, «адам ағзасы сауда-саттық заты не қаржылай пайда табу көзі болмауға тиіс». Ал «Халық  денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс Қазақстанда адам ағзаларын сатып алу-сатуға тыйым салынған, тек трансплантация жасауға рұқсат етеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары да адам ағзасын саудалауға түбегейлі қарсы. Ұйым ерікті түрде әрі тегін донор болу принципін қолдайды. ДДСҰ транспланттау бағдарламаларының үйлестірушісі, дәрігер Люк Ноэльдің пікірінше, донор мәселесі моральдық-адамгершілік сипатқа ие, оны талқылауға отбасының барлық мүшесі қатысқаны жөн.

Оқылып жатыр

Ақтөбеде дәрігерді қатыгездікпен өлтіру ісі: сотта сұмдық деректер жарияланды

«Рассрочка бар ма»: дұға сатумен айналысатын танымал блогер жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

«Келеңсіз оқиғаларды жиі көруге болады»: Тоқаев қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағат сөз айтатын әйелдерді сынады

«Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

Шұғыл: СҚО-да ерегескен екі полиция қызметтік көлікпен бір-бірімен соғысып өлді

Соңғы жазбалар

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

14 Қыркүйек, 2025

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

14 Қыркүйек, 2025

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025

Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні

14 Қыркүйек, 2025

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

14 Қыркүйек, 2025

Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025

Ұлттық мұраға сапар: Зейнолла Сәнік ізімен

14 Қыркүйек, 2025

Бокстан әлем чемпионатының финалында 8 қазақстандық алтынға таласады

14 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы елді «Отбасы күнімен» құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

«Болат Назарбаевтың бандалық тобы»: Қоспаевтың тағы бір қылмыстық ісі әшкереленді

13 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.