Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)
  • «Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Ақтөбеде 9 айлық баланы құтқарып қалған полицей сотталды

21 Қазан, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ақтөбеде 9 айлық баланы құтқарып қалған полицей алаяқтық жасамақ болғаны үшін сотталды. 

Halyqstan телеграм арнасының мәліметінше, Ақтөбеде 25 маусым күні учаскелік полиция қызметкері Батыр Николаевқа 9 айлық баланың ата-анасы жүгіріп келіп, балаларын тез арада ауруханаға жеткізуді сұрайды.

Күйзеліс жағдайында сәбидің анасы санаулы минуттарда оларды медициналық мекемеге жеткізген полиция қызметкерлерінің аты-жөнін сұрауды ұмытып кеткен. Күйеуі патруль көлігінің нөмірін суретке түсіріп қана үлгеріпті. Артынша ерлі-зайыптылар бұл суретті жергілікті @aktobe_sergek парақшасында жариялап, тәртіп сақшыларына алғыстарын білдірді. Кейіннен қызметкерлердің Батыр Николаев пен Кеңшілік Бекбол екені анықталды.

Алайда сол күні-ақ кешкі уақытта батырлардың бірі Батыр Николаевты сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері тұтқындаған.

Анықталғандай, оқиғадан 6 күн бұрын Ақтөбе қаласының тұрғыны Алланиязов Николаев қызмет еткен полиция бөліміне Табынбай деген азаматтың үстінен арыз жазып хабарласқан. Табынбайды бөлімшеге апарған кезде тергеушімен сөйлесу барысында Николаев та болған. Николаев Табынбайға барлығын жеке өзі реттеуге көмектесетінін, өзіне 1 миллион теңге төлеу керектігін айтқан.

Николаев 25 маусым күні кешке ақшаның бір бөлігін, 300 мың теңге алуы қажет болған. Ақшаны бермес бұрын Табынбай сыбайлас жемқорлыққа қарсы байланыс орталығына хабарласып, Николаевтың үстінен шағым түсірген.

Сотта полицей өз әрекетіне өкінетінін атап өтті.

Ақтөбе қаласының №2 соты сотталушыны алаяқтық әрекеті үшін кінәлі деп танып, оған 2 250 000 теңге айыппұл салды. Сондай-ақ учаскелік полиция қызметкері аға лейтенант шенінен және өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылған.

Сотталушы бірінші сатыдағы сот үкіміне шағымданбады.

айлық Ақтөбеде баланы сотталды қалғанполицей құтқарып

Оқылып жатыр

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

Соңғы жазбалар

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.