Ақтөбе облысында 99 кәмелетке толмаған қыз жүкті болып қалды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
«Диапазон» басылымының мәліметінше, олардың басым бөлігі 17-18 жаста болса, ең жасы өткен жылы небәрі 14-те болған. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда аздап азайған, ол кезде 107 жағдай тіркелген еді.
Балалар гинекологы Салтанат Тобылбаеваның айтуынша, қыздардың 97-98 пайызы баланы өмірге әкелуге шешім қабылдайды, ал 17 жасқа толғандары көбіне тұрмысқа шығады.
Дәрігер жасөспірім шақта бала көтеру әлі толық қатаймаған ағзаға өте ауыр салмақ түсіретінін атап өтті.
«Жас аналарда асқынулар ересектерге қарағанда 2-3 есе жиі кездеседі. Сондай-ақ сәбилер көбіне аз салмақпен туады», — деді маман.
Фото: Диапазон
Бұл жаңалық сізге қалай әсер етті?
Реакция қалдырыңыз 👇

