Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)
  • «Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Ақтөбеде әткеншектен құлап, мерт болған 9 жасар баланың анасы жағдайды баяндады

20 Қыркүйек, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

 

Ақтөбеде 9 жастағы Абат Руслан қатты тербеліп тұрған әткеншектен құлап көз жұмды. Дәрігерлер оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Алайда есінен танған жеткіншек ауруханаға жетпей бақилық болды. Қайғылы оқиға болған көпқабатты үйдің тұрғындары темір әткеншек өте қауіпті деп отыр. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

9 жастағы бала мен тағы бір ұл әткеншекке мінгесіп, қатты күшпен тербеткен. Осы сәтте жеткіншек ұшып түсіп, велосипедтің үстіне оңбай құлайды. Ауыр жарақат алған оның жүрегі жедел жәрдем көлігінің ішінде тоқтады.

“Диагнозы ашық ми жарақаты, бас негізінің ашық жарақаты, оң жақ қабырғасының жабық сынығы, гемоторспен өмір сүруге мүмкіншілігі жоқ жарақат. Мұндай жарақатпен өмір сүру мүмкін емес”, – деді Ақтөбе облыстық жедел жәрдем бекеті бас дәрігерінің орынбасары Гүлмараш Балмағамбетова.

Ақтөбелік ата-ана тұңғышынан айырылды. Оқыс оқиға болған сәтте әкесі басқа ұлымен ауруханада жатқан екен. Ал науқас анасы өздігінен жүріп-тұра алмайды. Жайсыз хабарды естігенде, арбаға таңылған Әлия қансырап жатқан ұлыма жете алмай, жіпсіз байландым деп зар жылады. Себебі көпқабатты үйдегі пандуспен сыртқа шығу мүмкін емес дейді.

“Бір бала үстіне мініп тербеткен ғой. Қой дегенді түсінбеген. Жанын қинап ары қарай ұшырып жіберген. Тұрған да, велосипедке қайтадан құлаған. Мына есіктен шыға алмадым. Ана жақта қаншама есіктер бар. Пандус қисайып жатыр. Балам шығарып көмектесетін еді. Артымнан итеріп жүрген қолғанатым еді ғой, екінші баламды қалай қараймын енді. Бәрі кедергі. Үкімет неге дұрыстап салмайды?”, – деді марқұмның анасы Әлия Сағындықова.

Қайғылы оқиға болған ойын алаңы әлі қоршалмаған. Қазір бұл жерде балалар ойнап жүр. Тұрғындардың айтуынша, жалғыз әткеншекке ұл-қыздар күнде кезекке тұрады

“Бүкіл бала осы жерге келіп тербеледі, тіпті үлкендер де. 18-19-дағы балалар да түні бойы сонда отырады. Осы әткеншекті алып тастау керек-ау деймін. Балалар қатты тебеді. Ең болмаса қатты тербелмейтін қылып, дәнекерлеп қою керек”, – деді ақтөбелік тұрғын Нұрия Сәрсенбаева.

4-сыныпта оқыған Абат спортпен шұғылданған. Осыдан екі күн бұрын ғана каратэден өткен жарыста жеңімпаз атанған екен. «Тәртіпті, озат оқушы еді» дейді ұстаздары. Ал полиция іс қозғап, тергеуді бастап кетті.

Еске салсақ, Ақтөбеде 9 жасар бала әткеншектен құлап, қаза тапқаны айтылды.

анасы Ақтөбеде баланың баяндады болған жасар жағдайды мерт құлап әткеншектен

Оқылып жатыр

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

Соңғы жазбалар

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.