Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады
  • «Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Ақтөбеде мүгедек болып қалған қыздың ата-анасы ауруханадан 10 миллион теңге талап етіп, сотта жеңіп шықты

13 Қыркүйек, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ақтөбе облысында 4 жасар қыздың ата-анасы ауруханадан 10 миллион талап етіп, сотта жеңіске жетті. Себебі бала қатты күйік алып, бір ай қиналған, ал дәрігерлер ота жасауға асықпапты. Салдарынан 4 жасар қыз мүгедек болып қалды. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Өткен жаздың басында Балымның бөксесі, жамбасы, аяғы мен табаны қатты күйген. Ата-анасы бірер секундқа көз жазып қалған кезде ол үстіне қайнаған суы бар қазанды төгіп алған. Төрт жасар қыз көп бейінді балалар ауруханасына жатқызылды. Үш күндік қарқынды терапиядан кейін ота жасалуы керек еді, бірақ жасалмапты.

“24-іне дейін күтсін деді, өйткені жалғыз комбустиолог демалыста екен. 24-і жұмысқа шығады, отаны өзі жасайды деді. 24-і таңертең ота жасалуы тиіс еді. Бірақ терінің донорлық қақпақтарын кесетін Dermaton құрылғысы жоқ деп болмай қалды”, – деді баланың анасы Гүлдерай Ғаділшина, анасы.

Әйелдің айтуынша, олар барлық дәрі-дәрмек, таңғышты, тіпті жабысқақ гипсті өздері сатып алған. Ал ауруханада жатқанда, жараларын кәдімгі желдеткіштің көмегімен кептірген. Ал негізінде олай жасауға болмайды екен.

“Ең сорақысы, Ақтөбенің көпсалалы ауруханасында мамандар ауруды басатын дәрі-дәрмексіз таңу жасап берді. Олар анальгин де бермеді! Менің адвокатым айтқандай, «фашисттік әдістерді» қолданды.Мен дәрігерлерге сендім. Бірақ хаттама бойынша балалардың күйік ауруы кезінде таңу әр төрт күн сайын наркозбен жасалуы тиіс”, – деді Балымның анасы.

Ота кейінге шегеріле берген соң ата-ана Орынборға өз бетімен баруды ұйғарады. Алайда осы кезде баланың ауруы асқынып кетіпті. Гемоглобині айтарлықтай төмендеп, жараларынан қан кеткен, дене температурасы көтерілді.

Ота сәтті өтсе де, Балым аяғына тұра алмады. Мүгедектік берілген. Ата-ана бұған дәрігерлердің салғырттығын себеп болды деп санап, оларды сотқа берді.

“Ананың баласының мүддесін көздеп, қалалық мемлекеттік ауруханалардың біріне моральдық шығынды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды. Сапасыз қызмет көрсету салдарынан баланың көрген физикалық және моральдық азаптарын ескере отырып, сот жауапкерден моральдық шығын ретінде 10 миллион теңге және материалдық шығын ретінде миллионнан астам соманы өндірді”, – деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Айжамал Сүндет.

Бірақ дәрігерлер мұндай ақшаны төлеуге дайын емес және шешімге қарсылық білдірді. Олар баланың мүгедектікке не себеп болғанын анықтау үшін сараптама жүргізуді сұрайды. Бұл олардың кінәсі емес екеніне сенімді.

Оқиғадан кейін биыл қыста бір бала дәл осындай күйікпен ауруханаға түскен. Балымнан айырмашылығы, ауруханаға түскен соң оған екі күннен кейін ота жасалды. Бір аптадан кейін бала бірден дерлік сауығып кетті. Ата-ана Балымға да дереу ота жасалғанда, ол да жазылып кетер еді дейді.

 

атаанасы ауруханадан Ақтөбеде болып етіп жеңіп миллион мүгедек сотта талап теңге шықты қалған қыздың

Оқылып жатыр

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

Соңғы жазбалар

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.