Ақтөбе облысында 100-ге жуық адам жалақысыз жұмыс істеп келген. Компания оларға 8,5 млн теңгеден астам жалақы қарыз болған, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Темір ауданында «Шұбарқұдық жылу» КМК-да 87 жұмысшыны жалақысыз ауыр жұмысқа салған. Қымбатшылықта тегін жұмыс істеген адамдардың құқығын қорғауға прокуратура араласуға мәжбүр болды.
Прокуратураның қадағалау актісімен еңбек инспекциясы «Шұбарқұдық жылу» КМК-ын ҚР ӘҚБтК-нің 87-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, берешекті міндетті түрде өтеу туралы ұйғарым шығарды.
Нәтижесінде көрсетілген берешектер толығымен өтелді.