БАҚ беттерінде Ақтөбе облысында сәбиді сатудың сұмдық фактісі туралы ақпарат пайда болды. Полиция бұл оқиғаны растап отыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
«Ақтөбе облысының полициясы перзентханада жаңа туған нәрестені сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Барлық мән — жайды және қатысы бар адамдарды анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр»,- деп хабарлады облыстық полиция департаменті.