Ақтөбе қаласының прокуратурасы былтыр мамырда болған атыстың қалай орын алғанын жариялады. Топ болып төбелескен жасөспірімдер мал базары жанында атысуға көшкен. Салдарынан біреуі қайтыс болып, 8 адамға оқ тиген, деп хабарлайды Todayinfo.
Аталған іс бойынша 10 адам сотқа тартылмақ. Жастар бір-біріне оқ атып, пышақ ала жүгірген.
«Кәмелет жасына толмаған бір бала қаза тапты. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, марқұмды автокөлікпен қаққан. Кейін оны көп жерінен пышақтап кеткен. Осы күні облыстық полиция Департаментімен ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады», – деп хабарлады Ақтөбе қалалық прокуратурадан.
Полиция осы қылмысқа қатысы бар 10 ұлды ұстап, олар уақытша ұстау абақтасына қамалды. Іс Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған.