Фото: instagram.com/tamaraasar
Продюсер Жан Мұқанов әнші Тамара Асардың жолдасының бірінші некесінен туған ұлы Әлішердің қаза болу себебін айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
«8 қараша күні Қостанайда Жұмаштың ұлы Әлішердің қырық күндік асы өтеді. Көпшілік білгені жөн – қаны бір болуы маңызды емес, ең бастысы – жүректің байланысы. Әлішер Тамараның өз баласы болмаса да, ол үшін туғанындай болып кеткен. Ол да Қамбар секілді олардың ұлы, ал Жұмаш пен кішкентай Ажардың ағасы еді», – деді продюсер.
Жан Мұқановтың айтуынша, көп адам Әлішердің өліміне қатысты нақты не болғанын сұрап жатқан көрінеді.
«Оны Ақтөбеде көлік қағып кетті. Ол жаққа досының үйлену тойына барған болатын», – деп түсіндірді ол.