Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Болат Назарбаевтың бандалық тобы»: Қоспаевтың тағы бір қылмыстық ісі әшкереленді

13 Қыркүйек, 2025

400 оқушы қатысты — Саранда алғашқы Freedom ALGA футбол фестивалі өтті

13 Қыркүйек, 2025

Трамп пен Путиннің келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды

13 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Болат Назарбаевтың бандалық тобы»: Қоспаевтың тағы бір қылмыстық ісі әшкереленді
  • 400 оқушы қатысты — Саранда алғашқы Freedom ALGA футбол фестивалі өтті
  • Трамп пен Путиннің келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды
  • «Шеберлер шайқасы»: «Жұмысшы мамандықтар жылы» туралы реалити-шоу
  • Шудағы шатақ: жоғары сыныптағылар 15 жастағы оқушыны тепкілеп өлтірді
  • Әкесін ұрып өлтірген азаншы: Түркістанда қарияны ұрған ұлы мен келіні 10 жылға дейін сотталмақ
  • Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды
  • Пышағын бұлғаңдатқан жігіт алматылықтардың зәресін ұшырды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 14 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Ақтөбелік оқушылар тұрмыстық қалдықтардан бұйымдар жасады

Ақтөбелік оқушылар тұрмыстық қалдықтардан бұйымдар жасады

29 января, 2025 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Ақтөбе қаласының №56 жалпы білім беретін орта мектебінде қайта өңделген экологиялық таза материалдардан бұйымдар жасау бойынша шара өтті. «Тұрмыстық қалдықтарға екінші өмір сыйла» шарасының негізгі мақсаты – оқушылар арасында тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеудің және қайта өңделген материалдардан экологиялық таза бұйымдар жасаудың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру, деп хабарлайды Todayinfo.

Сонымен қатар, байқау «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасында белгіленген әлеуметтік міндеттерді шешуге өскелең ұрпақты белсенді тартуға бағытталған.

Байқауға Ақтөбе қаласының 52 мектебінен 8-11 сынып оқушылары қатысты. 90 оқушы ұсынған 24 топтық және 28 жеке жұмыс ұсынылды. Оқушылардың жобаларына мұғалімдер, психологтар және экобелсенділерден құралған қазылар алқасы бағасын берді.

 «Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу — бұл жай ғана сән үрдісі емес, болашағымызбен тығыз байланысты саналы қажеттілік. Экологиялық сананы қалыптастыру — бұл бір реттік акция емес, тұрақты жұмыс. Біздің педагог ретінде міндетіміз – балаларды экологиялық ойлауға шабыттандыру, олардың әр қадамы маңызды екенін көрсету. Тек бірлескен күш-жігермен ғана біз Отанымыз – Қазақстанды бағалайтын әрі қорғауға дайын ұрпақ тәрбиелей аламыз», — деп атап өтті №40 орта мектебі биология пәнінің мұғалімі Фарида Сүйін.

Сондай-ақ, байқауға қатысушылардың бірі №1 орта мектептің 8 «В» сынып оқушысы Кристина Созинова өз әсерлерімен бөлісті.

«Біздің команда тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу тақырыбын таңдады, өйткені бұл – табиғат үшін өте маңызды мәселе. Біз қоқыстың қоршаған ортаны қалай ластайтынын жиі көреміз және оны азайту үшін не істей алатынымыз туралы ойладық. Мен бұл байқауға қатысуға қатты қызығушылық таныттым, өйткені экологияға қамқорлық жасаудың қаншалықты маңызды екенін білдім. Менің ойымша, әрқайсысымыз кішкентай бір нәрседен бастасақ, табиғатқа көмектесе аламыз деп ойлаймын», — дейді ол.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы ең үздік және ең креативті жобаларды атап өтті. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.

Іс-шара соңында қатысушылар мен олардың мұғалімдері мұндай жобалар экологиялық жағдайды жақсартуға ғана емес, жауапкершілік пен ынтымақ сезімін нығайтуға ықпал ететінін алға тартты. Бүгінгі шара басқаларды экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға шабыттандыратынына және мұндай іс-шаралар жақсы дәстүрге айналатынына сенім білдірді.

Оқылып жатыр

«Болат Назарбаевтың бандалық тобы»: Қоспаевтың тағы бір қылмыстық ісі әшкереленді

400 оқушы қатысты — Саранда алғашқы Freedom ALGA футбол фестивалі өтті

Трамп пен Путиннің келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды

«Шеберлер шайқасы»: «Жұмысшы мамандықтар жылы» туралы реалити-шоу

Шудағы шатақ: жоғары сыныптағылар 15 жастағы оқушыны тепкілеп өлтірді

Әкесін ұрып өлтірген азаншы: Түркістанда қарияны ұрған ұлы мен келіні 10 жылға дейін сотталмақ

Соңғы жазбалар

«Болат Назарбаевтың бандалық тобы»: Қоспаевтың тағы бір қылмыстық ісі әшкереленді

13 Қыркүйек, 2025

400 оқушы қатысты — Саранда алғашқы Freedom ALGA футбол фестивалі өтті

13 Қыркүйек, 2025

Трамп пен Путиннің келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды

13 Қыркүйек, 2025

«Шеберлер шайқасы»: «Жұмысшы мамандықтар жылы» туралы реалити-шоу

13 Қыркүйек, 2025

Шудағы шатақ: жоғары сыныптағылар 15 жастағы оқушыны тепкілеп өлтірді

13 Қыркүйек, 2025

Әкесін ұрып өлтірген азаншы: Түркістанда қарияны ұрған ұлы мен келіні 10 жылға дейін сотталмақ

13 Қыркүйек, 2025

Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды

13 Қыркүйек, 2025

Пышағын бұлғаңдатқан жігіт алматылықтардың зәресін ұшырды

13 Қыркүйек, 2025

Шымкентте бір көліктің кесірінен мыңдаған пәтер газсыз қалды

13 Қыркүйек, 2025

Павлодарда прокурор алаяқтық бабы бойынша тергеліп жатыр

13 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.