Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Миллионердің қызы»: Алматыда даяшыға кір табанын тазалатқан бойжеткеннің әрекеті қызу талқыланып жатыр

17 Қыркүйек, 2025

«Ақын ұялғаннан жерге кіріп кете жаздады»: 9 мың сом қаламақы алған Мұғағалидың жағасына әйелі Лашын жармаса кеткен

17 Қыркүйек, 2025

Атырау облысында 104,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

17 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Миллионердің қызы»: Алматыда даяшыға кір табанын тазалатқан бойжеткеннің әрекеті қызу талқыланып жатыр
  • «Ақын ұялғаннан жерге кіріп кете жаздады»: 9 мың сом қаламақы алған Мұғағалидың жағасына әйелі Лашын жармаса кеткен
  • Атырау облысында 104,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды
  • Ақтөбеде 93 ірі өнеркәсіп жобасы жүзеге асырылуда
  • Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды
  • «Головкиннің ықпалы бар»: Қазақстандық спортшылардың тарихи жеңісін шетелдік БАҚ сынға алды
  • «Жұмысшы мамандықтары жылы»: Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қандай жұмыстар атқарылуда?
  • «Бұл дұрыс емес»: Депутат Бақытжан Базарбек зейнетақыдан тіс емдеуге тыйым салуға қарсы шықты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 18 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Ақын ұялғаннан жерге кіріп кете жаздады»: 9 мың сом қаламақы алған Мұғағалидың жағасына әйелі Лашын жармаса кеткен

«Ақын ұялғаннан жерге кіріп кете жаздады»: 9 мың сом қаламақы алған Мұғағалидың жағасына әйелі Лашын жармаса кеткен

17 Қыркүйек, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ақын Мұқағали Мақатаев туралы ел естімеген сұмдық жазба шықты. Ақын өте жоғары қаламақы алса да, қиыншылық, жоқшылықпен өмір сүрген. Оның тапқан қомақты қаражатын әйелі Лашын көптің көзінше жағасына жармасып, алып алған. Әйелінің әрекетіне ашуланған ақын қаламақысын Жазушылар Одағында елдің көзінше еденге лақтырып жіберген, деп хабарлайды Todayinfo.

Ақынның қиын тағдыры туралы естелікті Төреғали Тәшенов әлеуметтік желідегі парақшасына бөлісті.

Todayinfo агенттігі жазбаны қаз қалпында жариялады:

МҰҚАҒАЛИ ТАҒДЫРЫ — ОТБАСЫ ТРАГЕДИЯСЫ

…Ол кезде «Жазушы» баспасы Жазушылар Одағының бірінші қабатында еді. Суатқа таласқан қойдай сығылысып жүріп кассадан қаламақы алып шықтық. Мұқағали таңдамалы жинағына тоғыз мың сом алды. Тоғыз мың — бір «Волга», әйтпесе екі «Жигули». Кассадан шығуы мұң екен, Лашын Мұқағалидың жағасынан алды. Жұрт көзінен ұялған Ақын:
—Саған керегі мен емес, мынау ғой!- деп қалтасындағы ақшаны шашып жібергенде еден көл бетіндегі күзгі жапырақтай жайрады да қалды. Лашын тоңқаңдап, еңбектеп жүріп сыпырып алды.
Ертеңгісін бәріміз Одақтың екінші қабатындағы холға жиналатын едік. Жаңалық та, өсек-аяң да осы жерден бастау алатын.Мұқағали моншаға түсіп келген екен:
— Шіркін, бір саптаяқ мұп-мұздай сыра, бір істік ып-ыстық шашлық болар ма еді!- деп тамсанып қойды. Сонда Рамазан:
— Әй, Мұқағали! -деді. — Бүгін моншаға баратыныңды білгенде кешегі тоғыз мыңнан тым болмаса бір теңге алып қалмадың ба?!-деп еді, Ақын жігіттерден қысылғаннан жерге кіріп кете жаздады.
Моншаның шыптасы 20 тиын, бір саптаяқ сыраның пұлы 25 тиын, бір істік шашлықтың құны 25 тиын…
Мұқағали ақша шашқан адам емес, ілтипат үшін болса да дос-жарандарын сыйлаған да емес, өйткені, қашанда оның қалтасында соқыр тиын да болмайтын. Керісінше, оны дос-жарандары, жалпы өлең сүйер қауым сыйлайтын да оған деген сыбағасын қатынынан жасырса да сары майдай сақтап жүретін еді. Ол қаламақыны Тұманбай, Қадырлардан кем тапқан жоқ, сөйте тұра отбасы қораш тірлік кешті. Таң қалатын қисынсыз нәрсе. Берекесіздік пе, әлде тегінен ырыс қонбаған шаңырақ па?..Менің бір күдігім, үйінде Мұқағалиға арнап қазан көтерілмеген сияқты. Нәпақасы да, дәм-тұзы да ел үстінде болды…

Қалихан ЫСҚАҚ
«Келмес күндер елесі». «Ана тілі» баспасы 2013 жыл. 353-354 беттер.

Оқылып жатыр

«Миллионердің қызы»: Алматыда даяшыға кір табанын тазалатқан бойжеткеннің әрекеті қызу талқыланып жатыр

Атырау облысында 104,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

«Бұл дұрыс емес»: Депутат Бақытжан Базарбек зейнетақыдан тіс емдеуге тыйым салуға қарсы шықты

«Анасы қонақ күтіп жүрген»: Абай облысында қызуы көтерілген бес айлық сәби көз жұмды

Атырауда жүкті әйелді зорлап, өлтіріп, үйін тонап кеткен сантехникке үкім шықты

«Екі көзі жас жігіттерде»: Бекболат Тілеуханның «су жаңа тоқалымен» елге оралуы наразылық тудырды (ВИДЕО)

Соңғы жазбалар

«Миллионердің қызы»: Алматыда даяшыға кір табанын тазалатқан бойжеткеннің әрекеті қызу талқыланып жатыр

17 Қыркүйек, 2025

«Ақын ұялғаннан жерге кіріп кете жаздады»: 9 мың сом қаламақы алған Мұғағалидың жағасына әйелі Лашын жармаса кеткен

17 Қыркүйек, 2025

Атырау облысында 104,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

17 Қыркүйек, 2025

Ақтөбеде 93 ірі өнеркәсіп жобасы жүзеге асырылуда

17 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды

17 Қыркүйек, 2025

«Головкиннің ықпалы бар»: Қазақстандық спортшылардың тарихи жеңісін шетелдік БАҚ сынға алды

17 Қыркүйек, 2025

«Жұмысшы мамандықтары жылы»: Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қандай жұмыстар атқарылуда?

17 Қыркүйек, 2025

«Бұл дұрыс емес»: Депутат Бақытжан Базарбек зейнетақыдан тіс емдеуге тыйым салуға қарсы шықты

17 Қыркүйек, 2025

«Шымкенттің бокс стилі бөлек қой!»: Бокстан әлем чемпиондары Руслан Берденовке ерекше алғыс білдірді

17 Қыркүйек, 2025

«Анасы қонақ күтіп жүрген»: Абай облысында қызуы көтерілген бес айлық сәби көз жұмды

17 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.