Алматыда TikTok-та өзге ұлт өкілдерін балағаттаған Марал Жалелова екі жылға сотталып кетті. Ол ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін бас бостандығынан айырылды.
Желіде тараған видеода бірнеше адамның тікелей эфирде отырғанын байқауға болады. Эфир барысында Марал Жалелова есімді қолданушы орыстар туралы жағымсыз пікір білдірген. Ол “Орыстар Қазақстаннан кетсе, өмір сүру оңай болатынын” айтқан.
«Мені отырғызғыларың келсе, отырғыза беріңдер. Мен заңды бұзып жатқан жоқпын. Кетсе, өмір қаншалықты жеңілдейтіні белгілі. Мен үшін олар – арамшөп. Менің ешнәрсем жоқ. Мен Гитлер жақсы десем, саған ұнай ма», – деді Марал Жалелова есімді қолданушы желіде тараған видеода.