Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қант диабеті неден пайда болады: Себептері

21 Қыркүйек, 2025

Ит туралы қызықты деректер мен маңызды ақпараттар

21 Қыркүйек, 2025

Отбасы — өмірдің қазығы: Мақал-мәтелдер жинағы

21 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қант диабеті неден пайда болады: Себептері
  • Ит туралы қызықты деректер мен маңызды ақпараттар
  • Отбасы — өмірдің қазығы: Мақал-мәтелдер жинағы
  • Дастарханға, Шаңыраққа және Тойға Арналған Бата-Тілектер (Толық Жинақ)
  • Тоқаевтің АҚШ-қа сапары басталды
  • Алматы маңында жер сілкініп, смартфондарға ескерту келді
  • «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысына Испания клубтары қызығушылық танытты
  • Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 21 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Ардагерлер сайысы: Түркістанда халықаралық қарттар күніне орай өткен жарыстың үздіктері марапатталды

2 октября, 2024 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркі елінің рухани астанасы Түркістан қаласында халықаралық қарттар күніне орай, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын насихаттау, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, спортқа деген қызығушылығын арттыру, қазынаға толы ата-әже өнегесін кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған «Қазыналы қарттарым» спорттық жарыс өтті, —  деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық агенттігі.

Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше жарысқа қатысуға дойбыдан 5 үміткер, шахматтан 7 үміткер өтінім білдірген.

Ата – бабамыздан қалған ұлттық  салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын насихаттау, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған жарысқа қазылар алқасының құрамы бекітілді. Ол,  Бейсембаев Бақытжан Жармаханұлы — «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі және облыстық Медиация кеңесінің төрағасы, Түркістан қаласының Құрметті азаматы.

«Этно ауыл» аумағында ұйымдастырылған «Қазыналы қарттарым» спорттық жарысында ардагерлер спорт түрлері дойбы мен шахматтан өз кезектерімен жарысып, өнерлерін көрсетті. Көне көз қариялардың спорттық өнерлерін арнайы тағайындалған қазылар алқасы құрамы саралап, бағалады.

Жарыстың қорытындысына келер болсақ:

 ДОЙБЫДАН:

— Отырар секторынан — Пәйзіұлы Хамза — І орын.

— ІІ орынды Яссы секторынан — Дүйсекбай Сенбек,  Яссы секторынан Файзиев Ержан  Хамзаұлы аталарымыз алса,

— ІІІ орынға Баймұрзаев Ералы мен Сихимов Шауғар секторынан Ғалымжан Бахытжанұлы иеленді.

ШАХМАТТАН:

— І орын — Отырар секторынан – Жарқынбек Ерсін;

— ІІ орынды  — Каликулов Зауіржан мен  Отырар секторынан Аханов Назарбек алса,

— ІІІ орынға Досыбекова Мария Сартайқызы мен Сауран секторынан Атабаев Набихан иеленді.

Халықаралық қарттар күніне орай «Қазыналы қарттарым» спорттық жарысы өз мәресіне жетіп, барлық жүлдегерлер қаржылай сияпатпен және қала әкімінің дипломымен марапатталды. Өнерлі аталарымызды бағалаған қазылар алқасының құрамы да марапатталды. Этно ауылда өткен байқауды тамашалауға қала тұрғындары, әжелер алқасының мүшелері мен қаламыздың зиялы қауым өкілдері қатысты. Сайысқа келген қатысушылар мен көрермендер алғыстарын білдіріп, көтеріңкі көңіл күймен тарасты.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Түркістан қаласында 16 224 зейнеткерлер тұрады. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылдың 22 ақпанындағы «Аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту жөніндегі  2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспарын бекіту туралы №47 бұйрығына сәйкес өңірлерде «Белсенді ұзақ өмір» орталықтарын ашу тапсырылған. Ардагерлермен мен зейнеткерлерге қамқорлық жасау, қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, оның ішінде жүйелі бос уақытты ұйымдастыру, оларды қоғамның белсенді өміріне тарту мемлекетіміздің саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Оқылып жатыр

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

Түркістанда дәстүрлі тамыз конференциясы өтті

Түркістанда «Мектепке жол» акциясы аясында 500-ден астам бала қолдауға ие болды

«Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» практикумы өтті

Соңғы жазбалар

Қант диабеті неден пайда болады: Себептері

21 Қыркүйек, 2025

Ит туралы қызықты деректер мен маңызды ақпараттар

21 Қыркүйек, 2025

Отбасы — өмірдің қазығы: Мақал-мәтелдер жинағы

21 Қыркүйек, 2025

Дастарханға, Шаңыраққа және Тойға Арналған Бата-Тілектер (Толық Жинақ)

21 Қыркүйек, 2025

Тоқаевтің АҚШ-қа сапары басталды

21 Қыркүйек, 2025

Алматы маңында жер сілкініп, смартфондарға ескерту келді

21 Қыркүйек, 2025

«Қайраттың» 18 жастағы қақпашысына Испания клубтары қызығушылық танытты

21 Қыркүйек, 2025

Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен

21 Қыркүйек, 2025

Астанадағы жәрмеңкеде Абай мен Атыраудан әкелген 400 тонна өнім сатылады

21 Қыркүйек, 2025

«Төсекте онша емессің»: Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың экс-әйелі күйеуінің көзіне шөп салғанын мойындап, күллі Ресейді шулатты

21 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.