Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қант диабеті неден пайда болады: Себептері

21 Қыркүйек, 2025

Ит туралы қызықты деректер мен маңызды ақпараттар

21 Қыркүйек, 2025

Отбасы — өмірдің қазығы: Мақал-мәтелдер жинағы

21 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қант диабеті неден пайда болады: Себептері
  • Ит туралы қызықты деректер мен маңызды ақпараттар
  • Отбасы — өмірдің қазығы: Мақал-мәтелдер жинағы
  • Дастарханға, Шаңыраққа және Тойға Арналған Бата-Тілектер (Толық Жинақ)
  • Тоқаевтің АҚШ-қа сапары басталды
  • Алматы маңында жер сілкініп, смартфондарға ескерту келді
  • «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысына Испания клубтары қызығушылық танытты
  • Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Ардагерлер Түркістанды аралап, тыныс-тіршілігімен танысты

4 октября, 2024 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысының ардагерлері мерекеге орай киелі шаһарда бас қосты. Облыстың аудан, қалаларынан келген 50 ардагерді облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қарсы алып, қазыналы қарттарға жылы лебізін білдірді, — деп хабарлайды todayinfo.kz ақпараттық порталы.

«Түркістан қаласына жақында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен келген болатын. Мемлекет басшысына оқу орнындағы білім беру процесінің ерекшелігі мен оқушылардың ғылыми-зерттеу жобалары таныстырылды. Қазіргі уақытта «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң жобасы дайындалып жатыр. Түркістанымызда күн санап түрлі рухани-мәдени, туристік нысандар бой көтеріп, республикалық және халықаралық деңгейде іс-шаралар өтетін орталыққа айналды. Өндіріс орындары ашылып жатыр. Барлығы да өздеріңіздің көз алдарыңызда. Сіздерді мейірім мен ізгілік мерекесімен шын жүректен тағы да құттықтаймын», – деді әкім орынбасары.

Ардагерлер алдымен өткен оқу жылында ғана өз жұмысын бастаған «Білім-Инновация» лицейін аралап, білім ордасының жұмысымен танысты. Түркістан «Білім-инновация» лицейі – 1992 жылы алғашқылардың бірі болып талапты оқушыларды қабылдаған білім ордасы. Күні бүгінге дейін лицей ғимараты Кентау қаласында орналасқан болатын. 2023 жылдың соңында сәні мен салтанаты келіскен жаңа лицей ғимараты Түркістан төрінде ашылды. Инновациялық лицейде оқушылар 7-сыныптан бастап білім алады. Ерекшелігі – ұлдар мен қыздар бөлек оқиды. Лицей жаратылыстану-математика бағытына басымдық береді. Физика, химия, биология, математика және информатика пәндері ағылшын тілінде өтеді. Оқушылар 4 тілді меңгеріп шығады. Қазір мұнда 500-ден астам оқушы білім алып жатыр.

Лицей директоры ардагерлерге білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтар мен оқу үдерісіндегі ерекшеліктер туралы кеңінен баяндап берді. Оқушылардың жетістіктері, республикалық және халықаралық олимпиадалардағы жеңістері туралы айтылды. Ардагерлер лицейдің материалдық-техникалық базасымен танысып, заманауи оқу кабинеттерін аралап көрді. Олар жаңа буынға сапалы білім мен тәрбие беріп жатқан ұстаздарға алғыстарын білдіріп, жас ұрпаққа ақ баталарын берді.

Содан соң ардагерлер Мұз сарайын аралап көрді. Заманауи үлгіде жабдықталған кешенді Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Мүслімова таныстырды. Мұнда шорт-трек, мәнерлеп сырғанау және хоккей сияқты қысқы спорт түрлерімен жыл бойы айналысуға қажетті барлық жағдай жасалған. Нысанда Италия, Канада, Германия, Финляндия елдерінде шығарылған қондырғылар орнатылған. Арнайы технология алаңның пішінін өзгертуге мүмкіндік береді. Сол арқылы мұз айдынында бір мезгілде бірнеше спорт түрімен шұғылдануға болады.

«Мұз сарайы» — Орталық Азияда теңдесі жоқ кешен, ол жалпы әлем бойынша техникалық тұрғыдан үздік жабдықталған айдындар қатарында. Бірегей ғимараттың көрермендер залының сыйымдылығы 1200 адамды құрайды. Нысанда Италияның HITEMA мұздатқышы, Германияның LUFT MEER вентиляциясы, Канаданың ZAMBONI мұз әзірлеу машинасы және тағы да басқа жабдықтар орнатылған. Финдік IcePro борттары технология алаңның пішінін өзгертуге мүмкіндік береді. Мұндай заманауи жабдықталған кешенде бірден бірнеше қысқы спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік бар: хоккей, мәнерлеп сырғанау, синхронды коньки тебу және балалар шорт-трегі. Мұз айдынының ұзындығы — 60 метр, ені — 30 метр.

Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары өз тарихында алғаш рет осы өңірде қысқы спорт түрлерімен кәсіби түрде айналыса алады. Қаладағы ең ірі нысандардың бірінің құрылысын «Integra Construction KZ» ЖШС іске асырды, кешен құрылысы 2021 жылы басталды. Ардагерлер мұз айдынында жаттығып жатқан жас спортшылармен кездесті, олардың өнерлерін тамашалап, баталарын берді.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мұрындық болған игі бастама өңірдегі инвестициялық жобалар шоғырланған «SPK TURKISTAN» өндірістік паркінде жалғасты. Өндірістік парктің құрылысы 100 гектар жерге салынады. Құрылыс екі кезең бойынша жүзеге асырылады. Индустриялық алаңның бірінші кезеңінде 30 гектар жер телімі бөлініп, тиісті инфрақұрылыммен және коммуникация желілерімен қамтамасыз етілді. Бастапқыда жалпы құны 96,9 миллиард теңгені құрайтын 29 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.

Бүгінде инвестиция көлемі 36,5 миллиард теңге болатын 8 өндіріс іске қосылып, 712 жаңа жұмыс орны ашылды. Облыста ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға, су үнемдеу технологияларын енгізуге, жылыжайларды көбейтуге және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ден қойылмақ. 2030 жылға қарай өңірде суармалы жерлердің 40 пайызына су үнемдеу технологиялары енгізіліп, аумағы 602 гектарды құрайтын жаңа жылыжай кешендері іске қосылады.

Сонымен қатар алдағы үш жылда 105 инвестициялық жобаны жүзеге асыру арқылы 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Ардагерлер өндірістік паркінің жұмысымен танысып, жаңа технологиялар мен инновациялық жобаларды көріп, өңірдің экономикалық дамуына қуаныштарын білдірді.

Айта кетейік, жалпы Түркістан өңірінде 200 мыңға жуық зейнет жасындағы қарт пен ардагерлер тұрады. Оның 11-і Ұлы Отан соғысының ардагерлері болса, 3,2 мыңнан астамы тыл еңбеккерлері. Сонымен қатар 100 жастан асқан 60 қарт азамат тұрады. Оның ішінде жасы ең үлкені – Жетісай ауданының 110 жасқа толған тұрғыны Бегбаева Ұңғай. Облыстық бюджет есебінен демалыс орындарында 8 мыңға жуық қария демалып, денсаулығын түзейді. Сол демалыс орындарының бірі – «Ардагерлер үйін» Түркістан облысына көшіріп, келесі жылы ардагерлерді қабылдау көзделіп отыр. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 150-ге жуық ардагердің басын қосқан шарада атап өткен болатын.

«Қадірменді аға буын, біз қазыналы қартын сыйлаған текті елдің ұрпағымыз. Және де бізде Шымкент қаласында «Ардагерлер үйіміз» қалып отыр. Оны облыстың төңірегіне көшіруді қазір қарастырып отырмыз. Егер де сол жоспарымыз іске асса, жаңадан жаңа нысандарымызды пайдалануға беріп, Шымкенттен бері қарай көшіреміз. Атаның ақылымен, әжелеріміздің ақ батасымен өсіп-өнген халықпыз. Бүгін өздеріңізбен жүздесіп, мейірімді жүздеріңізді көргеніме мен қуаныштымын. Өңір басшысы ғана емес, елдің перзенті ретінде сіздердің еңбектеріңізді жоғары бағалаймын және құрметтеймін. Жалғыз біз емес, бүкіл біздің облыс басшылары, аппараттары барлығы сол ұстанымдамыз. Қасиетті Түркістанымызды дамытуды сіздердің ақыл-кеңестеріңіз біз үшін өте маңызды. Сіздерге, отбасыларыңыз бен ұрпақтарыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз», — дейді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Ардагерлер өңірдің даму қарқынына ризашылықтарын білдіріп, өз ұсыныс-пікірлерін айтты. Олар жастардың патриоттық тәрбиесіне баса назар аудару, ұлттық құндылықтарды сақтау, тарихи-мәдени мұраларды насихаттау мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, ардагерлерге арналған әлеуметтік қолдау шараларын күшейту, медициналық қызметтердің сапасын арттыру қажеттігін атап өтті.

Шара соңында ардагерлер Түркістанның тарихи орындарын аралап, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті. Олар рухани күш-қуат алып, еліміздің гүлденуі мен бірлігі үшін дұға етті. Ардагерлердің жүздерінде қуаныш пен шаттық байқалды. Олар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, осындай шаралардың жиі өткізіліп тұруын тіледі.

Бұл іс-шара Түркістан облысында қарттарға деген құрметтің жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Өңір басшылығы ардагерлердің өмір сапасын жақсартуға, оларды қоғам өміріне белсенді түрде тартуға ерекше мән беруде. Мұндай бастамалар ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізері сөзсіз.

 

Оқылып жатыр

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

Түркістанда дәстүрлі тамыз конференциясы өтті

Түркістанда «Мектепке жол» акциясы аясында 500-ден астам бала қолдауға ие болды

«Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» практикумы өтті

Соңғы жазбалар

Қант диабеті неден пайда болады: Себептері

21 Қыркүйек, 2025

Ит туралы қызықты деректер мен маңызды ақпараттар

21 Қыркүйек, 2025

Отбасы — өмірдің қазығы: Мақал-мәтелдер жинағы

21 Қыркүйек, 2025

Дастарханға, Шаңыраққа және Тойға Арналған Бата-Тілектер (Толық Жинақ)

21 Қыркүйек, 2025

Тоқаевтің АҚШ-қа сапары басталды

21 Қыркүйек, 2025

Алматы маңында жер сілкініп, смартфондарға ескерту келді

21 Қыркүйек, 2025

«Қайраттың» 18 жастағы қақпашысына Испания клубтары қызығушылық танытты

21 Қыркүйек, 2025

Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен

21 Қыркүйек, 2025

Астанадағы жәрмеңкеде Абай мен Атыраудан әкелген 400 тонна өнім сатылады

21 Қыркүйек, 2025

«Төсекте онша емессің»: Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың экс-әйелі күйеуінің көзіне шөп салғанын мойындап, күллі Ресейді шулатты

21 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.