Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Жаңа заңнамадан қоғамдық санаға дейін – мемлекеттік саясат қалай жұмыс істейді?

17 Қараша, 2025

35 жоғары оқу орны, 150 іс-шара, 40 мың студент: Алматы Студенттер күнін қалай атап өтіп жатыр

17 Қараша, 2025

Ардагерлерін ардақтаған ел азбас

17 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Жаңа заңнамадан қоғамдық санаға дейін – мемлекеттік саясат қалай жұмыс істейді?
  • 35 жоғары оқу орны, 150 іс-шара, 40 мың студент: Алматы Студенттер күнін қалай атап өтіп жатыр
  • Ардагерлерін ардақтаған ел азбас
  • Қызмет алушылардың құқықтарын қорғау – Департамент жұмысының негізгі бағыты
  • Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан 8 адам тіл тартпай кетті
  • Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің атауы белгілі болды
  • Қырғызстандағы жарық дағдарысы: Жапаров пен Атамбаевтың ашық текетіресі ушықты
  • 20 елден 2500 қатысушы: Алматыда 2025 жылғы маусымның соңғы City Run мәрелік жарысы өтті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 17 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Ардагерлерін ардақтаған ел азбас

Ардагерлерін ардақтаған ел азбас

17 Қараша, 2025 БҚО
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиев өңірдегі ардагерлер ұйымдарының өкілдерімен кездесті. Жиынға облыстың түрлі саладағы ардагерлері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Кездесуді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген жүргізді.

Басқосуда сөз алған өңір басшысы Нариман Төреғалиев Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауында айтқан «Өскелең ұрпақтың бақытты өмір сүруі – бәріміздің ортақ міндетіміз. Бұл жолда ардагерлеріміздің ақыл-кеңесі мен өмірлік тәжірибесінің орны бөлек» деген маңызды ойларын еске салды.

– Біз «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деп үлкенін қадір тұтқан халықтың ұрпағымыз. Ел мүддесін бәрінен биік қойып, ұрпағына ұлылығын  ұялата білген ардагерлерімізді құрметтеу – азаматтық парызымыз.  «Ардагерлер – алтын діңгегіміз» деп ел ішінде бекер айтылмаған. Тарихтың көзін, Тәуелсіздіктің іргетасын адал еңбекпен қалаған – осы отырған сіздердей ақсақалдарымыз. Бүгінде облыс бойынша егде жастағылар саны 101 712 адам. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының жеті ардагері, ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер 535 адам, ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері 1762 адамды құрайды. Ардагерлерді әлеуметтік қорғау саласында бірқатар шаралар атқарылып келеді. Соның бастысы  –  ардагерлерімізге материалдық және әлеуметтік қолдау көрсету. Республикалық бюджеттен төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыдан басқа, жергілікті өкілетті органдардың шешімдеріне сәйкес, жергілікті бюджет есебінен атаулы және мерекелік күндерге төленетін біржолғы әлеуметтік көмек және коммуналдық шығындарды өтеу үшін төленетін ай сайынғы әлеуметтік көмектер қарастырылды. Халықтың әлеуметтік қорғалатын тобына жататын азаматтарға қамқорлық көрсету, олардың жағдайларына көңіл бөлу мақсатында әр жылдың 1 қазаны мен 1 қарашасы аралығында «Мейірбандық күндері» облыстық қайырымдылық айлығын өткізу дәстүрге айналды, –деді облыс әкімі.

Өңірде белсенді ұзақ өмір сүру, денсаулық мәдениеті және қоғаммен байланыс бағыттары бойынша жұмыс істейтін белсенді ұзақ өмір сүруді насихаттайтын екі орталық (Бөрлі ауданы мен Орал қаласында) жұмыс істеуде. Орталықтардың қызметі егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, өнімді және белсенді ұзақ өмір сүруді ынталандыруға, егде жастағы адамдардың тәуелсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамның өміріне бейімдеуге бағытталған.

Жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің бірқатар төрағалары сөз алып, жыл ішінде атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.

Тасқала ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәрдемғали Балықов, Казталов ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіп Шакуов, сондай-ақ БҚО полиция департаментінің ардагерлер ұйымы төрағасы Еділхан Жұмашев өз салалары бойынша атқарылып жатқан істерді таныстырды. Құқық қорғау саласының ардагерлері де өңірдегі тәртіп пен құқықтық мәдениетті нығайту бағытындағы бастамаларымен бөлісті. Сонымен қатар облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген 2025 жылға арналған жұмыс қорытындысын қысқаша баяндады.

Еркін сипатта өткен басқосуда қатысушылар өз ой-пікірлерін, ұсыныстарын ортаға салды. Ардагерлер қоғамдық бастамаларды жандандыру, жас буынмен байланыс орнату, дәстүр мен тәрбие сабақтастығын сақтау мәселелеріне назар аударды. Жергілікті атқарушы құрылымдар тарапынан айтылған ұсыныстардың ескерілетіні атап өтілді.

Жиын соңында қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген ардагерлерге облыс әкімінің атынан алғысхаттар табысталды. Олардың қатарында БҚО тексеру комиссиясының ардагерлер кеңесінің төрағасы Қадырғали Нәдірғалиев, БҚО әжелер алқасы төрағасының орынбасары Тамара Сейтақ, БҚО полиция департаментінің ардагерлер ұйымының төрағасы Еділхан Жұмашев, Бөкей ордасы ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген  Арыстанбеков, Сырым ауданы ардагерлер ұйымының төрағасы Мүсірбек Айташев бар.  Сондай-ақ еңбек ардагері Сара Танабаева, Бөрлі ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Әли  Бектұрғанов, «Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» БҚО филиалының төрағасы Айдар Батырханов  облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Бергеннің атынан марапатқа ие болды.

Кездесу барысында айтылған ұсыныстар алдағы уақытта облыстағы ардагерлер ұйымдарының жұмысын жетілдіруге бағытталады. Шара соңында қатысушылар естелік суретке түсті.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ,

«Орал өңірі»

Оқылып жатыр

Қызмет алушылардың құқықтарын қорғау – Департамент жұмысының негізгі бағыты

Батыс Қазақстан облысында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

Батыс Қазақстанда келешек мектебі бой көтерді

Орал қаласында төтенше жағдайлар қызметіне жаңа техникалардың кілттері табысталды

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне қатысты

Орал қаласында «FinIQ» қаржылық диктанттың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

Соңғы жазбалар

Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Жаңа заңнамадан қоғамдық санаға дейін – мемлекеттік саясат қалай жұмыс істейді?

17 Қараша, 2025

35 жоғары оқу орны, 150 іс-шара, 40 мың студент: Алматы Студенттер күнін қалай атап өтіп жатыр

17 Қараша, 2025

Ардагерлерін ардақтаған ел азбас

17 Қараша, 2025

Қызмет алушылардың құқықтарын қорғау – Департамент жұмысының негізгі бағыты

17 Қараша, 2025

Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан 8 адам тіл тартпай кетті

17 Қараша, 2025

Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің атауы белгілі болды

17 Қараша, 2025

Қырғызстандағы жарық дағдарысы: Жапаров пен Атамбаевтың ашық текетіресі ушықты

17 Қараша, 2025

20 елден 2500 қатысушы: Алматыда 2025 жылғы маусымның соңғы City Run мәрелік жарысы өтті

17 Қараша, 2025

Еуропадағы мұнай шайқасы: Қазақстан Венгрияның жаңа серіктесіне айнала ала ма?

17 Қараша, 2025

Алматыда ЖРВИ-дың эпидемиологиялық жағдайы тұрақты

17 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.