Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрлігінде бірқатар лауазымдарды тағайындады. Президент өкімімен Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына Арман Исетов тағайындалды, деп хабарлайды Todayinfo.
Ақорда бірқатар лауазым өкілдерінің тағайындалғаны туралы мәлімдеді.
“Мемлекет басшысының өкімімен Арман Асқарұлы Исетов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды”, – делінген хабарламада.
Арман Исетов Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. Бұған дейін:
- – Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі;
- – Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілінің бірінші орынбасары;
- – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаментінде әртүрлі лауазымда қызмет еткен.