Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Арыста биыл 26 ауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырылады

11 Маусым, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Арыс қаласында инвесторларды тарту арқылы ауқымды жобаларды жүзеге асыру жолға қойылған. Биылғы жылы жалпы құны 29,5 млрд теңгені құрайтын 26 инвестициялық жобаны қолға алып, 400-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. 2024 жылы өнеркәсіп өнімдерін арттыру мақсатында жалпы құны 15 млрд теңгені құрайтын 22 инвестициялық жоба іске асырылып, 593 жұмыс орны құрылған. Бұл жайында Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

«Биыл шаһардың экономикалық әлеуетін арттырып, тұрғындарды жұмыспен қамтуға серпін беретін бірқатар ірі жобалар қолға алынды. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласында «Түркістан Агро KZ» ЖШС-і 50 мың бас ірі қара малын бордақылау алаңы мен 3 мың гектар жерде жаңбырлатып суғару арқылы мал азығын дайындау жобасын іске асыруда. Сондай-ақ, «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС-і 13 млрд теңгеге тамшылатып суғару жүйесі арқылы 9 мың гектар жерге мақта өнімін өндіру жобасын қолға алды. Бұдан бөлек,«ALASH LOGISTIC» ЖШС-і жаңбырлатып суғару әдісімен 900 гектар жерге мал азығын өсіру жобасын іске асыруда» — деді қала әкімі.

Сондай-ақ, қаладағы жалпы өңірлік өнім көлемі биылғы жылдың 4 айында 13,9 млрд теңгеге жеткен. Ал, өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жылы 10,3 млрд теңгеге жетсе, 2025 жылдың 4 айында 4,4 млрд теңгені құрап отыр. Қаладағы инфрақұрылым саласында да бірқатар өзгерістер бар. Мәселен, өткен жылы қаладағы 2 жылу қазандағының ескіруіне байланысты көмірден газ жүйесіне көшіру мақсатында модульдік қазандықтың құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген. Нәтижесінде бүгінде қаладағы барлық жылу қазандықтары табиғи газбен жылытылып отыр. Сонымен қатар, қала тұрғындарын сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында да бірқатар ірі жобалар қолға алынды. Атап айтқанда, Шағыр, Бақырша және Ақтас елді мекендерінде жалпы ұзындығы 20 шақырымды құрайтын ескірген электр желілері толық жаңартылды. Бұл жұмыстардың нәтижесінде 1206 адам тұрақты және сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіліп отыр.

ауыл шаруашылығы инвестиция Түркістан облысы

Оқылып жатыр

Түркістан облысында биыл 1200 шақырымнан астам жолдар мен көшелер жөндеуден өтедім

БҚО-да жаңа индустриялық кезең басталады: 14 инвестициялық ірі жоба қолға алынды

Түркістан облысында ауқымды «Аq-dala» мақташылар фестивалі өтті

Түркістан облысында тұмау мен жрви-ге қарсы екпе салу жұмыстары жүріп жатыр

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясында маңызды мәселелер қаралды

Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына орай Түркістанда сенбілік өтті

Соңғы жазбалар

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.