Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Шығын 200 млн теңге: Алматыда Макс Корждың концертіне әкімдік рұқсат бермеді

4 Қыркүйек, 2025

Шығыс Қазақстанда танымал шенеуніктің ұлы жол апатынан қайтыс болды

4 Қыркүйек, 2025

«Екіқабат кезімде ішімнен тепкен»: сахнада ән айтып тұрғанда қайын атасы ұрып жыққан келіншектің өмірі белгілі болды

3 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шығын 200 млн теңге: Алматыда Макс Корждың концертіне әкімдік рұқсат бермеді
  • Шығыс Қазақстанда танымал шенеуніктің ұлы жол апатынан қайтыс болды
  • «Екіқабат кезімде ішімнен тепкен»: сахнада ән айтып тұрғанда қайын атасы ұрып жыққан келіншектің өмірі белгілі болды
  • Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді
  • Алматыда LVAD орнату бойынша екінші рет ота жасалды
  • «Шаңырақ құрғанын тойлатты»: Димаштың күйеу баласы көкпар беріп, елдің батасын алды
  • Шымкентте мәслихаттың бұрынғы депутатына іздеу жарияланды
  • Си Цзиньпин 12-рет ШЫҰ саммитіне төрағалық етіп, «үйлесім жолын» түсіндірді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 4 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Арыста биыл 600 орындық жайлы мектеп пайдалануға беріледі

Арыста биыл 600 орындық жайлы мектеп пайдалануға беріледі

11 Маусым, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Арыс қаласында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 600 орындық мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Заман талабына сай бой көтеріп жатқан нысан жаңа оқу жылынан бастап оқушыларды қабылдауға әзір. Нысандағы атқарылып жатқан жұмыстармен Түркістан облысының БАҚ өкілдері шаһар аумағында өткен баспасөз-тур барысында танысты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жобаға сәйкес, білім ордасында екі спорт зал, кең көлемдегі акт залы, кітапхана, мәжіліс залдары, пәндік кабинеттер, зертханалар, шеберханалар мен коворкинг-аймақтар бар. Сонымен қатар, мектеп ауласында стандартқа сай футбол алаңы да салынуда. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 80 пайызға орындалған.

Сондай-ақ, қалаға қарасты Ақдала ауылында үлкен спорт кешені бой көтеруде. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатқан бұл кешен — Ақдаладағы алғашқы спорттық нысан. Құрылыс жұмыстары былтыр басталған. Биыл толық аяқталып, ел игілігіне беріледі деп күтілуде. Жалпы аумағы 371 шаршы метрден асатын кешен кең әрі жарық. Ішкі жабындысы сапалы материалдан жасалып, сыртқы қабырғалары жылу ұстайтын металл сайдингпен қапталуда. Онда медициналық пункт, киім ауыстыратын бөлмелер мен ішкі санитарлық тораптар қарастырылған. Спорт залы бір мезгілде 100-ден астам адамды қабылдай алады. Ауыл жастары енді волейбол, баскетбол, бокс, күрес, үстел теннисі мен гимнастика сынды спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік алмақ.

БАҚ өкілдері келесі кезекте Арыс қаласындағы «Барыс» шағын ауданындағы жеке инвестордың қолдауымен салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй кешенімен танысты. Қазір онда 60 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылыс-монтаждау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жалпы ауданы 3348 шаршы метрді құрайтын бұл нысанды «Лидер-НС Строй» ЖШС салуда. Кешеннің алғашқы үйі биыл пайдалануға берілмек.

Оқылып жатыр

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды

Түркістан облысындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес компанияларында 113 студент дуалды оқытудан өтеді

Түркістан облысы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасында ынтымақтастық меморандумы жасалды

Түркістан облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 16 мектеп пайдалануға беріледі

Түркістандағы спорт, мәдениет нысандарының жай-күйі сараланды

Түркістан облысында 100 мектеп жөндеуден өткізіліп жатыр

Соңғы жазбалар

Шығын 200 млн теңге: Алматыда Макс Корждың концертіне әкімдік рұқсат бермеді

4 Қыркүйек, 2025

Шығыс Қазақстанда танымал шенеуніктің ұлы жол апатынан қайтыс болды

4 Қыркүйек, 2025

«Екіқабат кезімде ішімнен тепкен»: сахнада ән айтып тұрғанда қайын атасы ұрып жыққан келіншектің өмірі белгілі болды

3 Қыркүйек, 2025

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

3 Қыркүйек, 2025

Алматыда LVAD орнату бойынша екінші рет ота жасалды

3 Қыркүйек, 2025

«Шаңырақ құрғанын тойлатты»: Димаштың күйеу баласы көкпар беріп, елдің батасын алды

3 Қыркүйек, 2025

Шымкентте мәслихаттың бұрынғы депутатына іздеу жарияланды

3 Қыркүйек, 2025

Си Цзиньпин 12-рет ШЫҰ саммитіне төрағалық етіп, «үйлесім жолын» түсіндірді

3 Қыркүйек, 2025

Си Цзиньпиннің жаһандық басқару бастамасы: үш метафора арқылы түсіндіру

3 Қыркүйек, 2025

«Жемқорлыққа қатысы бар-жоғын тексеруге тиіспіз»: Бақытжан Базарбек Бас прокуратурадан Алматы іргесіндегі бағалы телімдерді түгендеуді талап етті

3 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.