Сириялық Syrian Air авиакомпаниясына тиесілі Ил-76 ұшағы, бортында Сирия президенті Башар Асад болуы мүмкін деген болжаммен, радардан бір сағатқа жетпей жоғалып кетті. Бұл туралы Flightradar24 қызметінің деректері хабарлады.
Ұшақ радарда Дамаск маңында таңғы сағат 05:00-де көрініп, 40 минуттан кейін бақылаудан жоғалған. Соңғы рет ұшақ Хомс қаласының маңында, теңіз деңгейінен 495 метр биіктікке көтерілген сәтте байқалған. Сол сәттен бастап әуе кемесінің қайда екені белгісіз.
8 желтоқсан таңында сириялық әскерилердің аты-жөні аталмаған жоғары лауазымды өкілдері Асад елдегі әскери жағдайға байланысты Дамасктен ұшақпен шығып кеткенін мәлімдеген.
Израильдік шенеуніктің айтуынша, Асадтың жоспары Мәскеуге бару болған. Анонимді дереккөздің сөзінше, Сирия президенті түн ортасында Дамасктан шығып, алдымен Сириядағы Ресей базасына бет алған, содан кейін Мәскеуге ұшу үшін дайындық жүргізген.
Фото: Abdullah Al Neyadi / Reuters