Фото: Коллаж: arasha.kz
Танымал театр және кино актері Бауыржан Қаптағай шығармашылық жолындағы күрделі сәттердің бірін есіне алып, өзіне үлкен сабақ болған оқиға туралы ашық айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Өнер майталманы кезінде қазақ сахнасының аңызы, ұстазы Асанәлі Әшімовке қатысты қателік жасағанын мойындап, кейін кешірім сұрағанын жасырмады.
«Байқамай, елге ілесіп, Асанәлі Әшімовтің артынан қол қойып жібергенім бар. Кейіннен өзінен кешірім сұрадым. Өйткені ұстазым болды ол кісі. Бізде білесің ғой, Әзірбайжан Мәмбетовтің үстінен де арыз жазылды. Тұңғышбайдың үстінен де арыз жазылды. Жаман болдым өзім», – деді Бауыржан Қаптағай.

