Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Асфальтта дұға оқып жатты»: Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты куәгерлер сотта жауап берді

7 Тамыз, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласының вице-әкімі Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты куәгерлер сотта жауап беріп, оқиғаны өз нұсқаларында баяндады, деп хабарлайды todayinfo.kz

Сотталушы Ернар Жиенбай шенеунікке бес рет оқ атқан. Куәгерлер арасында Берденовке алғашқы медициналық көмек көрсеткен екі қыз және оның жүргізушісі Мейрамбек Қалымбетов бар. Куәгер Арайлым Қамытбек оқиға кезінде құрбысымен бірге әкімдік маңындағы автотұрақта TikTok-қа видео түсіріп жатқанын айтты.

«Әкімдік ғимаратынан 2-3 адам шыға бастағанда, бірден оқ атылды. Мен дереу полицияға қоңырау шалдым. Сол сәтте тағы 3-4 рет оқ атылды. Сол кезде классикалық костюм киген ер адам (Берденов) жүгіріп жүрді. Ал ана кісі (Жиенбай) оны қуып келе жатты», – деді Арайлым.

Ал Берденовтің жүргізушісі Қалымбетов сол сәтте бастығын күтіп көлікте отырған. Оқ атылғанда не болып жатқанын түсінбей қалғанын алға тартты.

«Есімді жиған соң, әлгі адамның көліктің сол жағында тұрып, оқ атып жатқанын көрдім. Көлік өздігінен жүріп барып, жиекке тоқтады. Мен шыққан кезде олар төбелесіп жатты. Қайтадан көлікке отырып, рөлді бұрып Жиенбайды соқтым. Өйткені Руслан Арысбекұлын өлтіріп қоюы мүмкін деп ойладым. Соққаннан кейін ол құлап, кейін қайтадан тұрып, қашып кетті», – деп еске алды Қалымбетов.

Жүргізуші мен қыздар Берденовтың жарақатынан қан кетуін тоқтатуға тырысқан. Берденовтың өзі сол кезде асфальтта дұға оқып жатқан. Олар галстукті қолданып, қанның тоқтауына әрекет еткен.

Куәгерлердің бірі полиция қызметкері Жанат Айтбаев сол маңда кездейсоқ жүрген. Ол Жиенбай мен жүргізушінің алысып жатқанын көріп, оқ атқан адамды жерге жығып, тұтқындаған. Кейін оған әкімдік күзетшілері келіп көмектескен.

Фото: Шымкент әкімдігі

куәгер Руслан Берденов сот отырысы қастандық

Оқылып жатыр

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

Соңғы жазбалар

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.