“Орда” тобының солисі Дастан Оразбеков журналист Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында өмірінің қиын кезеңдерінде анасын ренжіткенін айтты, деп хабарлайды
Дастан Оразбеков 2020 жылы өмірінде қиын кезеңді бастан өткергенін, алайда анасының арқасында дұрыс жолға түскенін айтты:
«Еске түсіргім келмейтін сәттер еді. Жаман өмірге салынып, адасып жүрген кезім болды. Қазір дәл сондай жағдайды көп жасөспірім бастан кешіп жатыр. Бұл бірнеше жылға созылған адасу еді. Бірақ анам мені тоқтатты. Сол кезде анама ауыр болғанын түсіндім. Оны қазір ашық айта алмаймын», – деді ол.