Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Бір-бір көлік мінгіземін»: Тұрсынғали Алагөзов футболшыларға уәде берді

20 Қыркүйек, 2025

НАТО елдері Эстония әуе кеңістігін Ресей ұшақтарының бұзғанына жауап қатты

20 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

20 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Бір-бір көлік мінгіземін»: Тұрсынғали Алагөзов футболшыларға уәде берді
  • НАТО елдері Эстония әуе кеңістігін Ресей ұшақтарының бұзғанына жауап қатты
  • Қарағанды облысының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты
  • Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады
  • «100 млн теңге жұмсадым»: Гиннестің рекордына ену үшін Мың түйе керуені ұйымдастырылды
  • Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті
  • Қала күні қарсаңында: Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батырлар
  • «Тазалық өмір салтымызға айналсын»: әлем чемпиондары «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, саябақты тазалап шықты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 21 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Асқар Кенехан: «Конгресс холл» көпсалалы кешеніңнің өзіндік брендіне айналар жобаны ұсынбақпыз

Асқар Кенехан: «Конгресс холл» көпсалалы кешеніңнің өзіндік брендіне айналар жобаны ұсынбақпыз

21 Қыркүйек, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

 

Түркі елдерінің рухани астанасы атанған киелі де қасиетті Түркістан қаласы облыс орталығы ретінде қалыптаса бастағынан биыл 6 жыл толып отыр. Өткен уақыт ішінде өала өмірі, тұрғындары мен қонақтарының туризамге, тарихқа деген көзқарастары және мәдени мұраларға деген ойлары едәуір өзгерді десек қателеспейміз. Түркістанды түлетуге құштар жандар көбейді. Рухани шаһар күн санап өзгере бастады. Қаншама жаңа әлеуметтік, әкімшілік ғимараттар, тарихи-мәдени орталықтар, зәулім тұрғын үйлер мен ойын сауық алаңдары және саябақтар, су бұрқақтар салынды.

Осындай мәдени ғимараттардың бірі қаланың жаңа әкімшілік іскерлік аймағында салынған «Конгресс холл» көпсалалы кешені. Кешен халықаралық конференциялар мен форумдардан бастап, әр-түрлі форматтағы іс-шараларды өткізуге қолайлы бірегей орын болып табылады. Кешен тыныс-тіршілігімен жақыннан танысу мақсатында мекеме директоры Асқар Кенехан мырзамен сұхбаттасқан едік.

– Асқар Оразханұлы, бүгінде «Конгресс холл» көпсалалы кешеніне директор болып қызмет атқарасыз. «Конгресс холл» көпсалалы кешенінің жұмыс бағдары қандай? Нендей жетістіктер бар?

Түркістан шаһары күннен күнге әсемденіп, түрленіп, қарқынды дамып келеді. Облыс орталығы болған күннен бергі өзгерістерді көз алдымыздан еске түсіріп өткізсек,киелі мекен едәуір өзгеріске ұшыраған. Бой көтеріп келе жатқан құрылыстар, саябақтар, жолдар, барлығы қаланың ертеңі үшін. Солардың бірі – жаңа әкімшілік іскерлік аймағында бой көтерген «Конгресс-холл» көпсалалы кешені екені белгілі. Жыл басында маған ерекше мәртебеге ие болған топыраққа келіп қызмет ету бағы бұйырды. Бұл өзіме жүктелген сенім мен іскерліктің салмағы ауыр. Кешенге басшылыққа келу мерзім аралығында біршама істер атқарылды. Өздеріңізге белгілі кешенде былтыр ғана еліміздің түкпір түкпірінен жиналған жалынды жастардан құрылған «Жаңа леп» шығармашылық ұжымы бар. Осы шығармашылық ұжымның сахналаған қойылымдарын алыс-жақын шетелдер мен республикамыздың қала, аудандарында гострольдік алып бардық. Өнердің ордасы саналатын Алатаудың бауырында орналасқан Алматы тұрғындарының ықыласы ерекше болса, Шырайлы Шымкент өңірі көрермендері шынайы тілектер білдірді. Одан бөлек Тәжікстан Республикасына Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың арнайы іссапары аясында аталған мемлекеттің Худжанд қаласында Түркістан облысының мәдениет күндерін өткіздік. Ел ықыласы ерекше. Біздің жастардың өнеріне деген құрметі шексіз болды.
Шығармашылық ұжымнан бөлек өздеріңіз білесіздер кешен облыстық, республикалық, халықаралық дәрежедегі мәдени, ресми ісшараларды жоғарғы деңгейде өткізуге өзіндік үлесін қосады. Бұның барлығына бірінші кезекте кешеннің көркемдік жетекшісі Сержан Молдасанұлының еңбегі ерекше. Сержан ағамыз Алматыдан арнайы келіп Өзінің білгенін, тәжірибесін жаңа тәй тәй басқан ұжымға беруден жалыққан емес. Ал Әріптестердің алғысы шексіз Ағамызға.

– “Конгресс Холл” көпсалалы кешенінде балалар мен ересектерге арналған үйірмелер ашылғанын естідік. Жаңадан қолға алынған тың жобалармен туралы айтып өтсеңіз.

Иә. Жаңа қолға алынған тың жоба өз жұмысын қарыштатуда. Ересектерге арналған сурет, би, домбыра сынды үйірмелер өз қызметін ұсынса жасөспірімдер мен балаларға арналған би үйірмесі мен саз үйірмелерінің келушілері бар. Кешендегі ашылған үйірмелер тұлғаның қабілетін арттырып, бос уақытын тиімді пайдалуға негізделген. Алдағы уақытта кешен үйірмелерінің жұмысы жанданып келушілер саны арттады деп сенім білдіремін.

– Өмірбаяныңызға қарасақ, бұған дейін мәдениет саласында қызмет істемеген көрінесіз. Өзіңізді өнердің ішінде қалай сезінесіз?

Мен басшылыққа келген кезеңде маман емес екенімді алға тартушылар көп болды. Қазақта: «Сексеуілді сексеуілмен ғана ұрып сындырады» деген жүйелі сөз қалыптасқан. Еңбек жолымда мәдениет саласында осы уақытқа дейін қызмет етпегеніммен, өнерлі отбасыда өмірге келдім. Әулетіміз бен қара шаңырағымызда талантты бауырларым бар. Өзім де өнерден құр алақан емеспін. Әуесқой ән саламын. Қалам түртіп, ақ параққа жыр шумақтарын жазатыным бар. «Асыл жарым» өлеңінің сөзі мен әнін кезінде отанасы жұбайыма арнап жазған болатынмын. Бүгінгі күні еліміздің әншілері орындап жүр. Ақын не болмаса әнші ретінде атымыз қалыптаспағанымен нағыз өнер жанашыры болуға жарап тұрмыз. Сондықтан, өнер саласында өзімді нағыз жанкүйер ретінде сезінемін. Кез келген өнер иелерінің ісінің алға басуына, олардың еңбектерінің еленіп жарқырауына тамшыдай көмегім тисе маған бұдан асқан мәртебе жоқ деп есептеймін.

– Өнерден, спорттан алыс емес секілдісіз. Бұл құндылықтар Сізге қайдан дарыды?

Мен жаңа айта кеткенімдей әулетіміздің ішінде елімізге танымал жазба ақын Кенехан Еркебұлан бастаған өнер иелері болса , 9 — спорт шеберлері бар. Оның ішінде Қазақ күресінен Өзім және кәсіби садақ атудан екі дүркін ҚР- ның чемпионы қызым Оразхан Жансая бар. Мен оны мақтанышпен айта аламын. Бұл қасиет бәрімізге Ата-Апамыздан дарыған ерекше қасиет.

–Алдағы жоспарлар қандай?

Кешеннің алдағы жоспарлары өте көп. Биыл жемісті жыл болды деп есептеймін. «Жаңа леп» шығармашылық ұжымының қоры Сержан Молдасанұлының еңбегінің арқасында бірнеше қойылымдармен толықты. Арасында қызмет ететін қыз-жігіттер труппа жетекшісі Асылзат ханымның қажырлы қызметінің арқасында республикалық, халықаралық деңгейдегі байқаулардың гран-при жүлдесін иемденіп көңілімізді бір серпілтті. Алдағы күндері аталған шығармаышылық ұжымнан бөлек «Конгресс холл» көпсалалы кешеніңнің өзіндік брендіне айналар жобаны ұсынбақпыз. Бұл бастаманың алғашқы нұсқасын алдағы айларда өткізу жоспарлануда.

– Сұхбатыңызға рахмет!

Оқылып жатыр

«Бір-бір көлік мінгіземін»: Тұрсынғали Алагөзов футболшыларға уәде берді

НАТО елдері Эстония әуе кеңістігін Ресей ұшақтарының бұзғанына жауап қатты

Қарағанды облысының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

Backstreet Boys сахнадан Алматыны туған күнімен құттықтады (видео)

Алматыда көшелердің біріне марқұм Денис Теннің аты беріледі

Қазақстан азаматы тікелей эфирде боқтаймын деп соттан бір-ақ шықты

Соңғы жазбалар

«Бір-бір көлік мінгіземін»: Тұрсынғали Алагөзов футболшыларға уәде берді

20 Қыркүйек, 2025

НАТО елдері Эстония әуе кеңістігін Ресей ұшақтарының бұзғанына жауап қатты

20 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

20 Қыркүйек, 2025

Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады

20 Қыркүйек, 2025

«100 млн теңге жұмсадым»: Гиннестің рекордына ену үшін Мың түйе керуені ұйымдастырылды

20 Қыркүйек, 2025

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

20 Қыркүйек, 2025

Қала күні қарсаңында: Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батырлар

20 Қыркүйек, 2025

«Тазалық өмір салтымызға айналсын»: әлем чемпиондары «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, саябақты тазалап шықты

20 Қыркүйек, 2025

Backstreet Boys сахнадан Алматыны туған күнімен құттықтады (видео)

20 Қыркүйек, 2025

Алматыда көшелердің біріне марқұм Денис Теннің аты беріледі

20 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.