Астана әкімдігі қаладағы көлік кептелісін азайту мақсатында жұмыс уақытын ертерек бастау мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев мәслихат отырысында мәлімдеді,деп хабарлайды Todayinfo.
«Қазір жұмыс кестесін жарты сағатқа немесе бір сағатқа ерте бастау мүмкіндігі талқыланып жатыр, яғни 8:30 немесе 8:00. Бұл көлік кептелісін болдырмауға септігін тигізеді», – деді әкім орынбасары.
Жаңа кесте орталық атқарушы органдарға, білім беру және денсаулық сақтау мекемелеріне енгізілуі мүмкін.