Астана әуежайында 38 және 40 жастағы Ақтөбе тұрғындары рейстен түсірілді, деп хабарлайды Todayinfo.kz Liter.kz-ке сілтеме жасап.
Толығырақ
Оқиға Астана – Ақтөбе бағытындағы рейс кезінде орын алған. Командирдің актісіне сәйкес, жолаушылар ұшаққа міну барысында мас күйде болып, агрессивті әрекет жасаған. Олар экипаж талаптарын орындамай, әуе компания қызметкерлеріне бейәдеп сөздер айтқан.
Полицияның мәліметінше, жағдайды анықтау кезінде ер адамдар билік өкілдерінің заңды талабына бағынбаған. Соның салдарынан тәртіп сақшылары оларға арнайы құрал – қол кісенін қолдануға мәжбүр болған.
Әкімшілік жауапкершілік
Құқық бұзушыларға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің үш бабы бойынша хаттама толтырылды:
-
полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбау,
-
ұсақ бұзақылық жасау,
-
қоғамдық орында мас күйінде жүру.