Фото: depositphotos.com
2023 жылдың 14 мамырынан бастап «Indigo» әуе компаниясы Астана-Дели бағыты бойынша тікелей рейстерді бастайды. Бұл рейстер аптасына 3 рет орындалады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Көлік министрлігінің мәліметінше, 5 ақпанда Қазақстанның авиациялық билігі мен Астана халықаралық әуежайы өкілдері Үндістанның «Indigo» әуе компаниясының басшылығымен кездесу өткізді. Нәтижесінде 2023 жылдың 14 мамырынан бастап Астана-Дели бағыты бойынша тікелей рейс ашу туралы келісімге қол жеткізілді. Рейстер A-320/321 типті әуе кемелерімен аптасына 3 рет орындалады.
«Қазақстан мен Үндістан астаналары арасында тікелей рейстің ашылуы екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттырып, Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытуға ықпал етеді», – делінген министрлік хабарламасында.
Бұған қоса, Air Astana компаниясы 2023 жылдың 20 сәуірінен бастап Алматы-Мумбай бағыты бойынша тікелей рейстер ашады. Рейстер Airbus әуе кемелерімен аптасына 3 рет орындалады.
Көктемгі-жазғы навигация кезеңінде екі ел арасындағы жолаушылар рейстерінің саны 5 әуе бағыты бойынша аптасына 24 рейске дейін ұлғаяды деп күтілуде.
Қазіргі уақытта Қазақстан мен Үндістан арасында тұрақты рейстер келесі бағыттар бойынша орындалып жатыр:
Алматы – Дели (Air Astana – аптасына 7 рейс, IndiGo – аптасына 7 рейс)
- Алматы – Гоа (SCAT – аптасына 2 рейс)
- Астана – Гоа (FlyArystan – аптасына 2 рейс)