Еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Todayinfo.
Күдіктіні қамауға алуға Астананың тергеу соты шешім шығарған.
2024 жылғы 15 қарашада сотқа тергеу органдарынан күдікті Қайрат Перизатқа қатысты екі айға дейінгі мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтініш келіп түсті, деп жазылған ресми хабарламада.
Бүгін, 16 қарашада қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтініш қанағаттандырылған.
Айта кетейік, бұған дейін оның көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдікке ілінген еді.