«Бөгет» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Астана қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады.Ө
«Өзбекстан Республикасының 42 жастағы азаматы 10 жыл бойы адам саудасы үшін іздеуде болған. Қылмыскерді іздестіру бастамашысы Ташкент облысы ІІБ. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Экстрадициялау мәселесі шешілуде», — делінген хабарламада.