АСТАНА. Todayinfo.kz — Елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері басталды. 30 тамыздан бастап 26 қазанға дейін әр сенбі-жексенбі күндері қазақстандық шаруалар астанаға өз өнімдерін әкеліп сатады, деп хабарлады қала әкімдігі.

Жәрмеңкеде не сатылады?

Фермерлер тұрғындарға жаңа жиналған көкөніс, жеміс-жидек, ет пен сүт өнімдерін делдалсыз, қолжетімді бағамен ұсынады.

Алдағы демалыс күндері Түркістан облысының өндірушілері елордаға 600 тоннадан астам өнім жеткізуді жоспарлап отыр:

  • 200 тонна көкөніс,

  • 100 тонна ет және ет өнімдері,

  • 100 тонна сүт тағамдары,

  • 80 тонна бақша өнімдері,

  • 50 тонна жеміс,

  • 19 тонна балық,

  • 12 мың дана жұмыртқа және 60 тоннаға жуық өзге де азық-түлік.


Қайда және қашан өтеді?

Жәрмеңке «Казанат» ипподромы аумағында (Қарқаралы тасжолы, 1) ұйымдастырылады.

  • Уақыты: сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін;

  • Қоғамдық көлік: №18, №37 және №303 автобустар бағытталады.


Қосымша шаралар

Әкімдіктің хабарлауынша, жәрмеңке барысында елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған концерттік бағдарлама да өтеді.

Exit mobile version