Іс-шараға 100-ге жуық адам келген. Олардың ішінде билік өкілдері, депутаттар, сала сарапшылары бар.
Залдағы жағдай Алматыдағы тыңдаудан айтарлықтай ерекшеленеді. Жиналғандар плакат ұстап келді, бірақ олардың бәрі АЭС құрылысын қолдайтын ұрандарды жазып алған.
Азаттық радиосының ақпараты бойынша, бір белсенді тыңдау басталғанға дейін ұсталған.
Бұған дейін мәслихатта жария талқылауға атом саласының салалық сарапшылары қатысатынын хабарлаған болатын.
«Жария талқылау барысында азаматтар өздерін қызықтыратын технологиялардың қауіпсіздігі бойынша да, АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша да кез келген сұрақты қоя алады», — делінген хабарламада.
Қоғамдық талқылау өтіп жатқан орын: Radisson Hotel қонақ үйі, Сарыарқа даңғылы, 4.
2023 жылдың 1 қыркүйегінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысы бойынша референдум өткізілетінін жариялады. 2023 жылы 4 қазанда Қазақстанның Энергетика министрлігі референдум өткізілгенге дейін атом электр станциясының құрылысына байланысты барлық жұмыс тоқтатылғанын хабарлады.
2023 жылы қарашада Ресей басшысы Владимир Путин егер Қазақстанда АЭС салу туралы шешім қабылданса, онда «Росатом» мемлекеттік корпорациясы тиісті жобаны әзірлеуге дайын екенін мәлімдеді.
Референдум күзге жоспарланған. Осы уақытқа дейін барлық облыста қоғамдық тыңдаулар өтуі тиіс.
Сонымен қатар, кейбір экологтар мен азаматтық белсенділер Қазақстанды АЭС пен радиациядан азат ету керек деп санайды.