Елімізде жыл басынан бері 1500-ге жуық қазақстандық көлік апатынан қаза тапқан. Биыл 15 862 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 92%-ға артық. Тас жолда 21 803 адам зардап шеккен. Оның 1480-і көз жұмды.
Көлік апатының басым бөлігі Астанада тіркелген. Мұнда 8 айда 3 485 адам зардап шеккен. Шымкент қаласында – 1342 адам, Алматыда – 2 502 адам, Жамбыл облысында 1 712 адам жол-көлік оқиғасына ұшыраған.