Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

«Жылы мұң»: Қазақстанда жасанды интеллект қолданылған алғашқы қойылым сахналанды

14 Қараша, 2025

ЮНЕСКО 22 қыркүйекті Халықаралық Көшпенділер мұрасы күні деп бекітті

14 Қараша, 2025

Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар қанша күн демалады

14 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жылы мұң»: Қазақстанда жасанды интеллект қолданылған алғашқы қойылым сахналанды
  • ЮНЕСКО 22 қыркүйекті Халықаралық Көшпенділер мұрасы күні деп бекітті
  • Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар қанша күн демалады
  • Ақын Күләш Ахметова 79 жасында өмірден озды
  • Назарбаевтың үйіне ұры түскен
  • Дипломатия 2.0: Қазақстанның жаңа стратегиясы қалай жұмыс істейді?
  • «Қауіпсіз қоғам»: Атырауда киберқауіпсіздік бағытында құқықтық дәріс өтті
  • Тоқаев пен Мирзиёев «Ташкент-Хумо» әуежайында әңгімелесті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сенбі, 15 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » «Жаңа адамдар – жаңа көзқарас»: Астанада экобелсенділер қаланың экологиясын жақсартудың жолдарын талқылады

«Жаңа адамдар – жаңа көзқарас»: Астанада экобелсенділер қаланың экологиясын жақсартудың жолдарын талқылады

14 Қараша, 2025 Астана қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Фото: Байтақ партиясы

Астанада 14 қараша күні «Байтақ» жасылдар партиясының қалалық филиалының IV конференциясы өтті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.

Жиынға қоғам қайраткерлері, экобелсенділер және азаматтық сектор өкілдері қатысты. Қонақтар қатарында Ирак Елекеев, Батыр Сейкенов, Тәңірберген Бердіоңғаров және өзге де танымал тұлғалар болды. Конференцияның басты шешімі – қалалық филиал төрағасы болып Нариман Баубектің сайлануы. Сонымен бірге, түрлі кәсіби сала өкілдерінен құралған 15 адам Саяси кеңес құрамына енді. Бұл кадрлық өзгерістер партияның ішкі реформасын жеделдетіп, қоғамдағы позициясын күшейтуге бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды. Жаңа құрам ең алдымен Астана тұрғындарына қолжетімді әрі қауіпсіз экологиялық орта қалыптастыруды негізгі басымдық ретінде белгіледі. Партия жасыл аймақтарды кеңейту, парктер мен веложолақтарды көбейту, балалар алаңдарын қауіпсіз ету, таза ауа мен сапалы ауызсуға қолжетімділікті арттыру бағытындағы жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді.

«Жаңа адамдар – жаңа көзқарас» деген ұстаным бүгінгі конференцияда нақты жоспарлармен бекітілді. Партия соңғы жылдардағы нәтижелі жұмысының мысалдарын атап өтті. Солардың бірі – Талдыкөл аумағын экологиялық паркке айналдыру бастамасы. Төрт жыл бұрын көтерілген ұсыныс бүгінде нақты жобаға айналып, эскиздік жоспар мақұлданды. Қала әкімдігі мен уәкілетті органдар келісімін беріп, парк құрылысы ресми түрде басталатын болды. Бұл шешім партияның қала экологиясын жақсартуға бағытталған бастамаларының жүзеге асып жатқанын көрсетеді. Сондай-ақ партия қаланың жасыл белдеуін қорғау мәселесін ерекше назарға алып отыр. Көгалдандырудың адам психологиясына әсеріне қатысты зерттеулер таныстырылып, құрылысқа беріліп кету қаупі бар бірнеше парк бойынша қоғамдық бақылау күшейтілетіні айтылды. Партия өкілдері «қаланың табиғи мұрасы – стратегиялық құндылық» екенін атап, бұл бағыттағы жұмыстың жалғасатынын жеткізді. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың экологиялық жауапкершілігі де конференцияның негізгі тақырыптарының бірі болды. «Үлкен табыс – үлкен жауапкершілік» деген қағидаға сүйенген «Байтақ» барлық кәсіпорындарға тиімді фильтрлер орнату, шығарындыларды бақылау және эконормаларды ашық сақтау талаптарын күшейту қажет екенін айтты. Бұл – тұрғындардың денсаулығын және қаланың ауасын қорғауды көздейтін міндет. Қоғамдық көлік инфрақұрылымын дамыту да партия бағдарламасының маңызды бөлігі.

«23 км LRT – жетістік емес, тек бастама» деген ұстаныммен «Байтақ» Астанадағы LRT желісін 23 шақырымнан 350 шақырымға дейін ұлғайту идеясын көтерді. Бұл бастама қаланың барлық аудандарын байланыстырып, көлік жүктемесін азайтуды және экологиялық жағдайды жақсартуды көздейді. Партия ерекше тоқталған тағы бір жоба – парктерді қорғау. Бұл аймақты сақтау бағытындағы күрес жасыл кеңістіктерді көбейту жөніндегі жалпы саясаттың бір бөлігі екені атап өтілді. 2025–2026 жылдарға арналған жоспарлар да таныстырылды. Олардың қатарында экопарктерді бақылау, спорт инфрақұрылымын дамыту, марафондар мен экологиялық шаралар өткізу, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, ауа сапасын тұрақты мониторингтеу, жасыл аймақтарды қорғау және сенбіліктер ұйымдастыру бар. Сонымен бірге, кәсіпорындарға қатысты тарифтік саясатты әділ жүргізу мәселесіне де қатысу көзделген.

«Адамдар – ара да, құмырсқа да емес. Біз омартамен илеуде өмір сүруге тиіс емеспіз» деген ұстаным да партияның тығыз құрылысқа қарсы бағытын айқын көрсетті. Конференция қорытындысында «Байтақ» жасылдар партиясы ашықтық, цифрландыру және тұрғындармен тікелей диалог қағидаттарына негізделген жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді. Партия өкілдері Астананы қауіпсіз, жасыл және заманауи қалаға айналдыру – ұзақмерзімді, бірақ нақты қадамдармен орындалатын мақсат екенін атап өтті.

IV конференция Астана Байтақ жасылдар партия

Оқылып жатыр

«Жылы мұң»: Қазақстанда жасанды интеллект қолданылған алғашқы қойылым сахналанды

Астана әкімдігі сотта 30 мың тұрғынның мүддесін қорғап қалды (ВИДЕО)

3000 тоннадан астам тұз және 14 мыңнан астам рейс: Астанада коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр

Астанада жаңа оқушылар сарайлары салынып жатыр

«Архив-2025: архивтегі аманат» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

«Қаламгер ұстаханасы»: Астанада көрнекті жазушы-драматург Роза Мұқановамен кездесу өтті

Соңғы жазбалар

«Жылы мұң»: Қазақстанда жасанды интеллект қолданылған алғашқы қойылым сахналанды

14 Қараша, 2025

ЮНЕСКО 22 қыркүйекті Халықаралық Көшпенділер мұрасы күні деп бекітті

14 Қараша, 2025

Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар қанша күн демалады

14 Қараша, 2025

Ақын Күләш Ахметова 79 жасында өмірден озды

14 Қараша, 2025

Назарбаевтың үйіне ұры түскен

14 Қараша, 2025

Дипломатия 2.0: Қазақстанның жаңа стратегиясы қалай жұмыс істейді?

14 Қараша, 2025

«Қауіпсіз қоғам»: Атырауда киберқауіпсіздік бағытында құқықтық дәріс өтті

14 Қараша, 2025

Тоқаев пен Мирзиёев «Ташкент-Хумо» әуежайында әңгімелесті

14 Қараша, 2025

«Сұмдық қылмыс болған»: әнші Индира Елеместің күйеуі Арман Дүйсеновтың отбасын ойрандаған

14 Қараша, 2025

Таза Қазақстан: Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті

14 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.