Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Астаналық әйел пәтерінің балконында қалып қойып, үйдің жанынан өтіп бара жатқан баладан көмек сұраған, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сыртта аязды күн болғандықтан 56 жастағы әйел үшін жағдай қауіпті бола бастаған.
«1969 жылы туған әйел Астанадағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің балконында қалып қойып, өтіп бара жатқан баладан көмек сұраған. Бала 112 нөміріне хабарласып, құтқарушыларды көмекке шақырды», – делінген хабарламада.
Шақырту бойынша құтқарушылар келіп, альпинистік құралдардың көмегімен 5-қабаттың балконы арқылы 4-қабаттағы пәтерге кіріп, есікті ашып берді.
Ведомство құтқару операциясы барысында ешкім зардап шекпегенін ведомство атап өтті.