Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, елордадағы көпбалалы отбасылар басқа аймақтармен салыстырғанда едәуір көп әлеуметтік көмек алады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
«Мәселен, Астанада алты баласы бар отбасы тоқсанына шамамен 2,7 миллион теңге жәрдемақы алса, өзге өңірлерде бұл сома небәрі 273 мың теңгені құрайды. Әлеуметтік әділдік принципін сақтау үшін жәрдемақыны барлық аймаққа бірдей деңгейде беру мәселесі қарастырылып жатыр», – деді министр үкімет кулуарында.
Бұл тақырып 2020 жылы Көктал-1 ықшамауданында болған қайғылы жағдайдан кейін жиі көтерілді. Сол кезде көмірмен жылынған үйде өрт шығып, бір отбасының бес қызы көз жұмған еді. Оқиғадан кейін елдегі көпбалалы аналар әлеуметтік қолдауды күшейтуді талап етіп, наразылыққа шыққан болатын.
Қазір де көптеген отбасы инфляция мен қымбатшылық жағдайында берілетін жәрдемақының жеткіліксіз екенін айтып, биліктен нақты шаралар күтуде.
Фото: Үкімет